Исландияның оң жақ жағалауындағы архипелаг Вестманнаэйяр деп аталады. Архипелагта Эллида атты таңғажайып арал бар. Аралда ертегі әлемінде кездесетін жұмбақ үй орналасқан. Жапандағы жалғыз үй –тыныштықты жаны сүйетіндер үшін таптырмас мекен. Шамамен үш жүз жылдай уақыт бұрын аралға бес отбасы келіп қоныстанған. Бірақ біраз уақыт өткен соң, аралдан көшіп кеткен. Ел арасында жүрген әңгімеге құлақ түрсек, біреулер "аралды атақты исландиялық әнші сыйлыққа алды" десе, екіншілері "арал бір миллиардердің қолына өтті" деген болжам айтып жүр. Бірақ бұл болжамдардың ешқайсысы расталмаған...
Ғалымдар арал шамамен бес мың жылдай уақыт бұрын вулкан атқылау нәтижесінде пайда болғанын айтады. Саяхатқа шыққан адамдар аралға құрлықтан қайықпен жүзіп жетеді. Қожайыны жоқ жалғыз үй болса, әлем мен өз жүрегіне тереңірек үңілгісі келген адамдарды құшақ жая қарсы алудан шаршаған емес...
Сурет: vk.com
Ұқсас жазба:
10 миллионға жуық адамды қызықтырған видео