Жануарларда бар 10 қабілет

Жануарларда бар 10 қабілет

Табиғат та ақылды ғой, адамзатқа бермеген ақылды жануарларға қабілет қылып беріп жатады. Мәселен, жүрегі мен миын қайта өсіріп шығатын аксолотльды бір мысал қылуға болады. Немесе секундына 15 соққы жасайтын дәуіт-шаян. Не де болса, назарларыңызға қасиетті қабілетке иелік ететін жануарларды ұсынамыз:

10. Аксолотль

kH2lJaapCTM

Кесірткеміз кереметтей регенерацияға ие (дене мүшелерінің жойылған бөлшектері, жасушаларының қалпына келуі): аксолотль құйрығымен бір қатарда жүрегі мен миын да бастапқыдан өсіріп шыға алады. 

9. Үйректұмсық

Утконос_Platypus-3

Үйректұмсық алыс қашықтықтан құрбандығының бұлшық етіндегі электрлік импульсті біліп сезіп, аулау барысында көзін, құлағын, мұрнын жауып, "алтыншы түйсігіне" сенім арта алады!

8. Тезек таситын қоңыз

навозный-жук

Тезек таситын қоңыз болар ма едіңіз деп сұрасақ, "жоқ!" деп жауап берерсіз. Бекер екен!

Қоңыз өз салмағынан 1141 есе ауыр тезекті итеруге қауқарлы. Егер адамдар да мұндай күшке иелік еткен болса, онда 90 келі салмақтағы бір адам бір өзі 12 мектеп автобусын сүйрер еді!

7. Геккон

90244285_uUkSoPtaoc4

Кесірткенің табаны микроскопиялық талшықтармен қапталған – сезімталдығы соншалықты, сыртқы ортамен молекулярлық деңгейде байланыс орната алады! Талшықтар гекконға жылтыратылған шыны әйнек үстімен секундына метр жыламдықпен жүйткіп өтуіне, үй төбесінде бір саусақпен ілініп тұруына, салмағы 50 грамм болған тұста 2 келіге жуық затты табанында ұстап тұруына мүмкіндік береді!

6. Дәуіт-шаян

20122907153750

Теңізде өмір сүретін тіршілік иесі соққы жасау жылдамдығы жағынан рекордшы - дәуіт-шаян секундына 15 соққы жасап үлгеруі мүмкін! Жылдамдықтың сойқан болғаны соншалықты, соққы толқыны түзіліп, құрбандығы өліп кетіп жатады. 

5. Электрлік жыланбалық

3205751185_7659b1bc6a_b

Электрлік жыланбалық электр тогын түзе алады. Зарядтың қуат күші 600 Вольтты құрайды –  60-ватты шамды жағуға әбден жетерлік. Немесе кісі баласын өлтіруге. 

4. Сегізаяқ-еліктегіш

Сегізаяқтың бұл түрі өзінің қорғаныс механизмімен танымал – өзінің түр-тұлғасын, көлемін және түр-түсін өзге ағзаларға ұқсатып жібере алады - 15 ағзаға еліктейтін болып отыр. 

3. Медуза

jellyfish-foto-Giampiero-Giorgi

Көпшілігіміз, жасыратыны жоқ, жастығымызды қайтарып алғымыз келеді.

Медузалар жасарту қасиетіне ие – белгілі бір жасқа жеткеннен кейін, олар бастапқы қалыптарына қайта оралады. Процесс шексіз қайталана бермек, сондықтан медузалар іс жүзінде ажалсыз саналады!

2. Сасық қоңыз

beetle

Қоңыздың тағы бір түрі, осы ретте улағыш фаерболлмен ататын сасық қоңызды еске салғымыз келіп тұр! Сасық қоңызда арнайы улағыш әрі өте қатты ыстық сұйықтықтың түзілуіне жауап беретін без болады. Қоңыз қарын құрсағы арқылы "атады"да, "атып" болған соң, іші сүйретіліп қалады. 

1. Шерткіш шаян

50923420a12d2f2c4fdc5f2b24f213af

Шымшуыры (клешня) бар шаян түрі! Оның шымшуыры қуатты болғаны соншалықты, шымшуыр түзген шу жоғары деңгейдегі шапалақтан қатты естіледі. Ал шымшуыр түзетін көбік болса, Цельсий бойынша 4726 градусқа қызады - Күннің жоғары қабатындағы температурамен бірдей!

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: chaobuoisang.net; forum.tribalwars.net; zabort.ru

Л. Лига