- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жануарлар уақытты қалай...
Жануарлар уақытты қалай қабылдайды?
Уақыт – барлық тіршілік иесіне және тіршілік көзіне тән бірлік. Себебі барлық тіршілік уақытқа тәуелді. Уақыт – тоқтауы жоқ өлшем. Ол тек қозғалыста болады.
Адам 24 сағат ішінде сағат тілімен жүріп, жоспарлап жұмыс жасайды. Бұл – бағзыдан келе жатқан түсінік. Ал адаммен қатар өмір сүретін тіршілік иелері жануарлар осы уақытты қалай қабылдайды, жауап іздеп көрсек.
Ұсақ жәндіктер мен кішкентай құстар уақытты баяулатылған түрде қабылдайды. Яғни олар үшін өтіп жатқан әрбір сәт «Матрица» фильміндегідей ақырын қозғалады. Себебі ұсақ жәндіктердің көздері шарасынан аса орналасқандықтан олар бір секунд ішінде көптеген ақпаратты көре алады.
Үлкен және ірі аңдар жәндіктерге қарағанда көзбен көру кезінде көп дүниені жіберіп алады. Яғни, жемтігін немесе келіп тұрған қауіпті көріп үлгере алмайды.
Дублиндегі Тринти колледжінің ғалымдары жануарлардың уақытты қабылдауына байланысты тәжірибе жасаған. Нәтижесінде төмендегідей еңбекке қол жеткізіп отыр:
Шыбындар жарықтың шағылысуын адамға қарағанда төрт есе жылдамдықпен көреді.
Сарышұнақтар, қараторғайлар және кептерлер уақытты қабылдауда ең жылдам жүйемен жұмыс жасайды.
Қоңыздар өте жылдам жәндіктер. Олар өздерінің қозғалысына қарай уақытты да солай қабылдайды.
Жануарлар үшін уақыттың өтуі (адаммен салыстырғанда)
Үй шыбыны үшін 6,8 есе ақырын
Макака маймылдары үшін 2,4 есе ақырын
Иттерде – 2 есе ақырын
Мысықтарда – 1,4 есе ақырын.
Жыртқыштар үшін 1,3 есе ақырын.
М. Ақан