- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жануарлар туралы 7...
Жануарлар туралы 7 жалған дерек
Жануарлардың адам сенгісіз, көпшілікті таңғалдыратын ерекше қабілеттері мен қасиеттері бар. Дегенмен кейбір қабілеттері туралы деректер тіптен шындыққа жанаспайды.
1. Иттер терлей ме?
Ақиқатында, иттерде тер бөлінбейді. Олар басқа тәсілмен салқындайды: тілін шығарып терең демалу арқылы.
2. Опоссумдар басын төмен қаратып ұйықтайды
Опоссумдардың ұзын құйрығы ағаштарға өрмелеп, заттарды алуына көмек етеді. Дегенмен бұл жануардың ересектерінің салмақтары тым үлкен болуы себепті, құйрығы арқылы бұтаққа ілініп, басын төмен қаратып ұйықтай алмайды.
3. Жарқанаттардың көзі көрмейді
Жарқанаттардың көзі көрмейді, ұшу уақытындағы дыбыс арқылы бағытын анықтайды деген ақпаратқа көпшіліктің сенетіні ақиқат. Дегенмен, бұл олай емес. Жарқанаттар көру қабілетіне ие, тек бұл қабілет дұрыс дамымаған.
4. Қой – өте ақылсыз түлік
Қойлардың өте ақылды түлік екендігі анықталған. Олар үйренуге қабілетті, адамдардың жүзін айырып, тани алады, өз есімдерін естігенде жауап ретінде бұрылуы мүмкін. Сонымен бірге түстерді де айыру қабілетіне ие.
5. Алтын балықтың есте сақтау қабілеті нашар
Алтын балықтың есте сақтау қабілеті бар болғаны 3 секунд ғана деген ақпар кеңінен тараған. Оңтүстік Аустралия елінде мектеп оқушылары жүргізген тәжірибе негізінде, бұл мәліметтің жалған екендігі нақтыланды. Ақиқатында, алтын балықтар ұзақ уақыттар бойы кез келген нәрсені сақтай алады, қауіпті жағдайдан қашып, өзіне тамақ тауып жеуге қабілетті.
6. Құстар балапандарынан адам иісі шығатын болса тастап кетеді
Кейбір адамдар ұясынан құлап қалған балапандарды қайта көтеріп ұясына салмайды, бұл әрекеттерін адам иісі шықса құстар балапандарын тастап кетеді деп түсіндіреді. Дегенмен, құстардың иіс сезу қабілеті аса дамымаған, сол себепті адам иісін сезуі мүмкін емес. Сонымен бірге, олар тек нақты қауіп төнген жағдайда ғана ұясын тастап кетеді.
7. Пантера – мысықтың айрықша түрі
Шын мәнінде зерттеушілер «қара пантера» деген тіркесті ерекше қара түсті леопардтарды атау үшін қалыптастырған. «Пантера» атты жеке түр расында жоқ.
О. Сансызбай