Жанды алатын жаңа рекорд

29 жастан енді асқан британдық Ян Браун есімді азамат жанды алатын жаңа рекорд орнатты.

Адамзат тарихында бірінші болып бар-жоғы 13 секундтың ішінде екі бірдей қылышты өңешінен өткізді. Әрине, сену қиын! Бірақ, дайындық үшін кеткен бірнеше жылдың қарымтасы енді қайтты десек болады.

Ян бала кезден-ақ цирк өнеріне барғысы келген. Алайда, әр жолы ата-анасы денсаулығына алаңдап, жібермей отырған. Енді міне, сүйікті қызының арқасында сахнаға қайта оралып отырған беті. Әртүрлі адам сенгісіз әрекеттер мен қорқынышты қадамдарға батыл бастап келді: бетке шеге "қағу", қауіпті қаруларды пайдалану өнері.

Бір күндері үй асханасындағы пышаққа көзі түседі. Пышақтан бастап майда-шүйде дүниелерді жұтуды жетік меңгергісі келеді. Біртіндеп уақыт жылдамдығына істеуді көшіп, уақыт жылдамдығы ақыр аяғы 13 секундта екі қылышты жұтуға алып келіп отыр.

Бір ауыздан айтсақ, аталған қадамдарға барудың қажеті жоқ! Денсаулыққа зиянды екенін былай қоя тұрғанда жайдан-жай өліп кетудің қаупі бар емес пе?!

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/9mcmU2UYprI?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"256"});

сурет:tert.am

Дайындаған: Фараби Арыстанбек