Жаңбырдан кейінгі топырақтың иісі керемет, оны ұнатпайтын жан жоқ шығар. Жаңбыр исі, кейде топырақ исі деп атаймыз. Алайда мұндай хош иістің ғылымда арнайы атауы бар: ол – петрикор.
Бұл термин 1964 жылы жаңбырдан кейінгі табиғат құбылысын зерттеген Родерик Томас пен Изабелла Беардің ғылыми жұмыс жазуы кезінде пайда болған. «Петрикор» сөзі грек тілінен аударғанда «petra» – «тас», «chor» – «су» деген мағынаны білдіреді.
Жалпы, жаңбырдан кейінгі топырақ исінің пайда болуына не себеп? Әдетте, өсімдіктің бойында түрлі май мен майтектес заттар болады, олар өсімдіктің тамырымен жерге тарап, топырақты құнарландырады. Жаңбыр жауған кезде, ағын су жердің қабыршақтары мен жарықшақтарына құйылып, оның ішіндегі ауа ылғалмен араласып, көпіршікке айналады да ауаға көтеріліп жарылады, ұсақ тамшыларға айналады. Бұл ұсақ тамшылардың құрамында жаңбыр суына сіңіп кеткен өсімдік майы бар. Ал ауаға тарап, айналаға жерік, қоңыр иіс сыйлаған да – дәл осы өсімдік майы.
Осы орайда айта кеткен жөн, жаңбыр жауған кезде ауаға ылғал тамшыларымен бірге топырақта жатқан бактериялар да жоғары көтеріледі. Ғалымдардың айтуынша, бұл иммунитеті төмен адамдар қауіпті болуы мүмкін.