2001 жыл америкалық суретші Джон Брамблиттің өмірін өзгертті. Сол жылы талма ауруының әсерінен Джон көру қабілетінен айрылады. Ол сол сәттен бастап, тек жарық пен қараңғыны ғана ажырата алады. Оны қиын жағдайдан тек қана сурет өнері «құтқарады».
Ол өзінің бұндай жағдайға душар болғанына мойымады. Өмірге деген құлшынысы артқан Джон сурет өнерінде өзіндік стилін құрады: кенепке қабырғаны сырлауға арналған бояумен сурет салады. «Көрмей-ақ сурет салу деген менің үш ұйықтасамда түсіме кірмеген еді. Көру қабілетінен айрылған соң, қайтып сурет салу үшін не істеу керектігін ойладым. Содан, көз суретші үшін екі қызмет атқаратынын түсіндім: бірі заттың орнын табу үшін, екінші қызметі оның түсін анықтау үшін»,- дейді суретші. Олай болса, жанарынан айырылса да, талантынан айырылмаған суретшінің галереясын тамашалайық.
Сурет: adme.ru