- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жаңа заман жауһарлары...
Жаңа заман жауһарлары
Соңғы онжылдықта көптеген тамаша ғимараттар бой түзеді. Бір кездері неміс философы Фридрих Шеллинг: «Архитектура – қатып қалған музыка» деп айтқан екен. Біз әр күн сайын архитекторлардың тамаша туындыларына куә болып келеміз.
Адам қиялына кіріп шықпас небір кереметтер жасалу үстінде. Бұндай ғаламат дүниелерге бірі талып түсердей таң қалып қарайды, бірі күледі, бірі жай ғана қызыға көз тастайды. Ең бастысы олар селқостық танытып, салғырт қарамайды.
Сіздердің назарларыңызға әлем архитекторларының тамаша туындыларын ұсынамыз:
Жасыл қамал (Магдебург, Германия, архитектор Фриденсрайх Хундертвассер)
Биші үй (Прага, Чехия, архитектор Фрэнк Гери)
Кубик үйлер (Роттердам, Нидерланды, архитектор Пит Блом)
Шпиттелаудағы қоқыс сығымдайтын зауыт (Вена, Австрия, архитектор Фриденсрайх Хундертвассер)
Шың басындағы шағын шіркеу (Седона, АҚШ, архитектор Маргарита Бринсвиг Штауде)
Луи Нюсера кітапханасы (Ницца, Франция, архитекторлар Ив Байяр және Франсис Шапю)
Гуггенхайм музейі (Бильбао, Испания, архитектор Фрэнк Гери)
Мормон храмы (Индепенденс, Миссури, АҚШ, архитектор Джио Обата)
Лотос храмы (Нью-Дели, Үндістан, архитектор Фариборз Сахба)
Жаңа өнер музейі (Нитерой, Бразилия, архитектор Оскар Нимейер)
Уолт Дисней атындағы концерт залы (Лос-Анджелес, АҚШ, архитектор Фрэнк Гери)
Аспанмен таласқан Aqua tower (Чикаго, АҚШ, архитектор Джоан Ганг)
Аспанмен таласқан Gherkin building немесе қияр (Лондон, Ұлыбритания, архитектор Норман Фостер)
ҚХР, Орталық телевидениесінің штаб-пәтері (Пекин, Қытай, архитекторлар Рем Колхас және Оле Шерен)
Беларусь ұлттық кітапханасы (Минск, Беларусь, архитекторлар Михаил Виноградов және Виктор Крамаренко)
«Хан Шатыр» ойын-сайық, сауда орталығы (Астана, Қазақстан, архитектор Норман Фостер)
Grand Lisboa қонақ үй-казиносы (Макао, Қытай, архитекторлар Деннис Лау және Сун Мен)
Испан денсаулық сақтау департаментінің штаб-пәтері (Бильбао, Испания, архитекторлар Хуан Колл-Барро және Даниэль Гутьеррес Сарса)
Бурдж-Халифа мұнарасы (Дубай, БАӘ, архитектор Эдриан Смит)
Футуроскоп саябағы (Пуатье, Франция, архитектор Дэнис Ламинг)
Nord/LB банкінің штаб-пәтері (Ганновер, Германия, архитектор Штефан Бениш)
Кейбір архитекторлардың да күлкі шақырар жұмыстарын ұмытпаған жөн:
Иілген үйшік (Сопот, Польша, архитектор Яцек Карновски)
Төңкерілген үй (Шимбарк, Польша, архитектор Даниэль Чапевски)
«Ессіз үй» қонақ үйі (Далат, Вьетнам, архитектор Дант Вьент Нга)
«Наутилус» қабыршақ үйі (Наукальпан, Мексика, архитектор Хавьер Сеносиан)
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: adme.ru
Ш. Талап