Әлем биологтары мен энтомологтары Перуден жаңа табылған тіршілік иесі үшін бас қатыруда.
Көз алдыңыздағы айналасын "қақпа" қоршаған "мұнараны" шілде айында АҚШ-тағы Джорджия Технологиялық институтының аспиранты Трой Александр тауып алған болатын.
Ол бір мезгілде өрмекшінің торына да, жібек құртына да ұқсайды және есікке жабысқан қалпында төрт жерден табылған.
Олжасына қатты таңырқаған Александр оның суретін ең танымал деген сайттарға жариялайды. Өкінішке орай ешбір адам қандай тіршілік иесінің осындай "мұнараларды" тұрғызатындығын айта алмай отыр.
Энтомолог Уильям Эберхард оның не екендігін болжай да алмайтындығын мәлімдеді. Ал өрмекшілерді бірнеше жылдардан бері зерттеп келе жатқан Норма Платник: "Мен суретті көрдім, бірақ, мұндай тіршілік иесін кімнің, қалай жасап шыққандығына басым жетпейді" дегенді айтады.
Беймәлім жәндікке байланысты әртүрлі пайымдаулар бар болғанымен, ешбірі әлі күнге дейін дәлелденген жоқ.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: byaki.net