Құрметті оқырмандар, бүгін біз сіздерге бір мекенде жападан-жалғыз ғана күн кешіп, сол ауылдың жалғыз тұрғыны атанып жүрген тұрғындар жайлы және олардың мекендері жайлы мәліметтер бермекпіз.
1. Буфорд, Вайоминг, АҚШ
Буфордтың жалғыз тұрғыны – Дэн Салмон
Буфорд — Ларами және Шайенн қалаларының арасында орналасқан. 2 438 метр биіктікте орналасқан Буфордта тек бір ғана тұрғын өмір сүреді. Дэн Салмон есімді ер адам бір уақытта қаланың мэрі, жанармай бөлімінің қызметкері және жергілікті дүкеннің сатушысы болып та қызмет ете береді.
2. Монови, Небраска, АҚШ
Моновидың жалғыз тұрғыны – Элси Эйлер
1930 жылы қалада 150 адамға тарта тұрғын қоныстанған уақытта Моновиде қарға жылдар орын алған. Басқа да тұрғындары аз қалалардың тағдыры бұл жерде де қайталанып, көп уақыт өтпей-ақ Монови өзінің тұрғындарынан айрылып қалды. 2000 жылы санақ жүргізілгенде Моновиде тек екі адам ғана тіркелген. Олар – ерлі-зайыпты Руди мен Элси Эилерлер. Руди 2004 жылы өмірден өткен соң ауылдың тұрғындарының саны тағы біреуге қысқарып, ауыл жалғыз тұрғынды мекенге айналды. Күйеуі өмірден өткеннен кейін Элси Эилер сол жердің мэрі болып қызмет етті және өзіне өзі үшін салық төлеп отырды.
3. Кэсс, Жаңа Зеландия
Кэсстің жалғыз тұрғыны – Барри Драммонд.
Кэсс – Жаңа Зеландияның оңтүстік аралындағы Кентербери өңірі, Селвин ауданында орналасқан елді-мекен. Қаладан алыс емес жерден мемлекеттік тас жол өтеді. Қала арқылы 1987 жылдың қарашасынан бері әлемге әйгілі TranzAlpine жолаушылар поезі өтеді. Кэсс те бір ғана тұрғыны бар бірнеше қалалардың тізімінде. Мекеннің жалғыз тұрғыны — Барри Драммонд.
4. Рошфурша, Франция
Рошфуршаның жалғыз тұрғыны – Жан-Батист Люлли
Рошфурша — Францияның оңтүстік-шығысындағы Рона-Альптер өңірінің Дром департаментіне жататын коммуна. Коммунада сарайы мен биік қабырғалары бар қамал бар. Рошфуршаға ең жақын коммуналар – Saint-Nazaire-le-Désert, Les Tonils, Pradelle, Brette. Ал Рошфуршаның жалғыз ғана тұрғыны бар. 38 жастағы Жан-Батист Люлли бұл жерді жалғыз мекен етеді.
5. Bonanza, Юта штаты, АҚШ
Bonanza
Мұнайдың қалдықтары мен көптеген шыбын-шіркейлердің ордасына айналған Колорадо үстіртінде орналасқан. 2010 жылғы халық санағы бойынша Bonanza жерінде тек бір ғана тұрғынның өмір сүретіндігі белгілі болған.
6. Лорье, Вашингтон, АҚШ
Лорье — Вашингтон штатындағы Ферри гарфтығының шекарасына жататын кішкентай қала. 2010 жылғы санақ бойынша мұнда да тек бір ғана тұрғынның өмір сүретіндігі белгілі болған.
7. Ойл-Спрингс, Нью-Йорк, АҚШ
Ойл-Спрингс — Нью-Йорк қаласында орналасқан Сенеки тайпасының үндістандық мекені. Ойл-Спрингс екі аймаққа бөлінеді: Аллегани аймағы мен Каттараугус аймағы. 2010 жылғы санақ бойынша Ойл-Спрингс жерінде тек бір ғана тұрғынның өмір сүретіндігі белгілі болды. Бұл адам – таза американдық.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: prints.co.nz