Лондондағы Табиғат тарихы музейі дәстүрлі «Жабайы табиғаттың үздік фотографы» атты мәртебелі халықаралық байқаудың жеңімпаздарын жариялаған болатын. Байқау бірнеше номинация бойынша жүргізілді. Олардың қатарында: «Әсер», «Аспаннан қарағандағы көрініс» және «урбанизм» номинациялары да бар. Барлығы аталған байқауға 96 мемлекетте түсірілген 42 мың фото қатысты. Бұл мақалада Сіздердің назарларыңызға сол байқаудан іріктеліп алынған жабайы табиғаттың үздік фотолары ұсынылып отыр. Оған қоса ең қызықты, ең сәтті кадрлар мен олардың түсірілімі жайлы шағын тарихи деректерді де оқи отырыңыздар.
Байқау жеңімпазы – осы фото. Жаһандық жылынудың әсерінен түлкілер канадалық тундраның солтүстігіне, поляр түлкілері мекен ететін жерге, көшуге мәжбүр. Олар бір-бірімен бәсекелес (екеуі де лемминг секілді шағын сүтқоректілермен қоректенеді) қана болып қоймай, бір-бірін жеуге де барады – түлкілер өз «туыстарымен» қоректене береді.
Брайда жолақ киті сардина үйірін қақ жарып өтіп, мыңға жуық балықты бір жұтыммен қорек қылуда. ОАР (Оңтүстік Африка Республикасы) шығыс жағалауының жанынан өте жыл сайынғы миллиардтаған сардиналардың миграциясы мыңдаған жыртқышты қызықтырады.
Екі комод айдаһарлары ұрпақ жалғастыру үшін бір-бірімен тартысуда. Бұл варандар – әлемдегі ең үлкен кесіртке саналады, салмағы 150 килограмға дейін барады. Жекпе-жек кезінде олар артқы аяғына тұрып тырнағымен қарсыласының қалың терісін тесуге тырысады.
Бір күні исландиялық фотограф еріген қар арналармен аға отырып, ағашқа ұқсас сурет жасайтын байқайды. Фотогра бұл сәтті жібермей, фотоға түсіріп алады. Фото «Бөлшектер» категориясы бойынша жеңімпаз атанды.
Ұзын мұрынды қоңыздар жұбы (ұзындығы бірнеше милиметр) жапырақ бетіндегі тамшы болып көрініп, табиғатпен үйлесім таба отырып, шағылысуда. Бірнеше сағатқа созылатын шағылысудан кейін ұрғашы қоңыз жапырақты тесіп жұмыртқаларын сол жерге жасырып қояды.
Оңтүстікафрикалық фотограф Том Пещак серфинг тақтайында жүзіп бара жатқан адам мен оның жанында жүзіп жүрген акуланы фотоға түсіру арқылы акула мен серферді «достастыруға» тырысқан. Бұл балықтардың өзгелерінен айырмашылығы сол, оларда Лоренцини ампулалары (қоршаған ортаның электрлік сигналдарын қабылдауға мүмкіндік береді) бар. Фотодағы серфинг тақтайы осы акулаларды үркітетін электрмагниттік маякпен жабдықталған.
Швед фотографы Ганс Штрандт бұл фотоны жаңбырлы ауа райы кезінде Исландияның үстімен ұшып бара жатып түсірген. Суреттегі тау мен ондағы мұздықтар күлмен жабылған. Күл жамылғысы бұл маңда жақын арадағы вулкандардың атқылауынан пайда болған. Соңғы 500 жылдағы вулкан атқылауларының 1/3 бөлігі дәл осы Исландияда болған.
Ұлыбританиялық фотограф Ричард Петерс түлкіні суретке түсіріп, «урбанизм» категориясы бойынша жеңіске жетті.
Дереккөз: jas.kz