Біздің арамызда көпшілік жұрт жұмысқа орналасу жағынан біраз қиындыққа кездесіп, жұмыс іздеу барысында бітпейтін жолға түсіп жатады. Бірақ Абилиндегі (АҚШ, Техас штаты) Lowe’s дүкенін бұл жағынан мақтауға болады. Олар бір-бірінсіз жұмыс істей алмайтын иесі мен оның итін бірге белгілі бір себептер бойынша жұмысқа қабылдады.
Әлемде мейірімділіктің салтанат құратынына бәріміз сенім білдіреміз. Мейірімділік пен қайырымдылық, адамдардың бір-біріне көмек қолын созуы, бұл әлемнің тұрақты үйлесім күші десек болатындай. Адами қасиеттер жоғалмаған қоғам ілгері дамыған қоғам екені даусыз.
Әңгімеміз Клэй Лути (Clay Luthy) есімді ВВС ардагері жайында. Клэйге жұмыс табу өте қиынға соқты. Мәселенің мән-жайы былай: Клэй ВВС-де қызметте жүрген кезінде тізесіне ота жасатқан еді. Ал оның Шарлотти атты иті болса иесінің қасында ол құлап қалған жағдайда жәрдемдесу үшін үнемі бірге ілесіп жүреді. Ол жай ғана дос емес, Клэйдің нағыз жанашыр тірегі, арқасүйері.
Осы уақытқа дейін ешбір жұмыс орны айырылмас достарды жұмысқа қабылдамады. Бұларды сөйтіп Lowe’s дүкені қабылдаған болатын. 10 жастағы алтын түстес Шарлоттаның иесімен жұмыс жасап жүргеніне біраз уақыт болды. Ол оны әр күн сайын күзетіп, күтпеген тосын жағдайлардан қорғап жүреді. Шарлоттаға дүкенге келушілерді шошытпас үшін арнайы жұмыс киімін кигізген.
Клэйдің айтуынша ол өзінің айнымас серігіне дән риза. Екеуі бір-бірін жақсы түсінеді. Итті дүкенге келушілер, әсіресе балалар жағы қатты құрметтейді. Тіпті Шарлотта жұмыстан шаршап, дүкен ортасында демалып отырғанда ешкім одан қорықпайтын жағдайға жеткен. Керісінше оған күлімсіреп, мейірім көзімен қарап, басынан сипап кетеді екен.
Бұл нәрсе әлемдегі мейірімділіктің қаншалықты дәрежеде екендігін көрсететіндей. Осыдан соң қалайша мейірім жоқ деп айта аламыз?!