- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Италияда халықты алдаған...
Италияда халықты алдаған цирк қожайыны тұтқындалды
Жақында Италия полициясына алаяқтық туралы хабар түсті. "Орфей" циркінің қожайыны "чау-чау" атты иттің түрін бояп, аю деп халықты алдаған. Және онымен суретке түскені үшін келген қонақтардан ақша талап еткен. Алайда кейбір қонақтар күдіктеніп, полицияға шағымданған.
Бұл алаяқтық полиция мен хайуанаттарды қорғау орталығының қызметкерлері келгенше жалғасқан. Нәтижесінде итке арнайы бояу жағып қойғандығы анықталды. Зерттеу кезінде чау-чаудың Италияға Венгриядан келгендігі белгілі болды. Және құжаттарда да оның жасы қате көрсетілген.
Ғаламтор беттерінен цирк қонақтарының пікірлерін оқуға болады. Онда олар чау-чаудың аю емес екендігін аңғарып, күдік танытқандығы туралы жазған. Қазір циркті жауып, қожайынын қамауға алды. Ол алаяқтығы үшін бірнеше жыл бас бостандығынан айрылды.
Мәліметтер бойынша бұл дәстүр Қытайда қалыптасқан. Олар чау-чау итінен неше түрлі жануарларды бояп шығарады екен.
Сурет: budni.kz, photoshopvon.beon.ru
Ж. Исакаев