- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Интернет-кафеде 6 жыл...
Интернет-кафеде 6 жыл бойы өмір сүріп келген
Онлайн-ойындардың қытайлық «табынушысы» алты жыл бойы интернет-кафеден шықпайды. Бұл туралы Beijing Times газеті жазған екен.
Чанчунь қаласындағы интернет-кафенің басшысы журналистерге тұрақты қонағы Ли Мень туралы мәлімет берген. Ол түнде ойын ойнап, күндіз компьютер алдында ұйықтайды. Кейде жуынып, тамақтанып келеді екен. Соңғы кезде мекеме қызметкерлері тапжылмай отыратын оған назар аударуды да қойыпты.
Лидың айлығы $320 екен. Оның 80 доллары компьютер қызметін пайдаланғаны үшін жұмсалады.
Дәл осындай қызық жәйт бұған дейін де болған. League of Legends ойынын 2 күн бойы ойнаған бозбала далаға шығып алып, ағашпен көрінген адамды сабай бастапты. Тіпті «Демация үшін!» деп ұрандайтын көрінеді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: mail.ru
А. Құлтай