- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Инелік мұхиттан да...
Инелік мұхиттан да ұшып өте алады
Фото:
Nebraska State Museum
Жер бетіндегі ең төзімді жөндіктердің бірі - инелік, - дейді энтмолог мамандар. Pantala flavescens деп аталатын кәдуілгі сары инелік бірде-бір рет қонбай мұхит асып, мыңдаған шақырымды дамылсыз ұшып өте алады екен.
Энтомолог мамандар қарапайым инеліктің осындай қабілетке ие екенін генетикалық сараптама нәтижесінде анықтаған. Бұған тағы бір дәлел, Жапония, Канада, Үндістан мен Оңтүстік Америкадағы Pantala flavescens инеліктерінде ешбір айырмашылық байқалмаған.
Сары түсті инеліктер расымен төзімді жиһанкездер саналады. Мұхитті басып өтіп ұшу олар үшін қиын емес екен. Олардың қанаты желдің жылдамдығын белсенді пайдалануына жағдай жасайды.
Н. Үсенова