Индонезия 17800 аралдан тұратын мемлекет. Алайда аралдардың жартысының әлі күнге дейін аты жоқ.
Индонезиядағы бүкіл әлемге танымал аралдар - Суматра, Ява, Бали.
Ел астанасы Джакарта қаласы тұрғындар саны бойынша әлемде төртінші орын алады. Онда 9,5 миллион адам тұрады.
Индонезия халқының 87% ислам дінін ұстанады.
Бұл елде 580 диалект таралған.
Индонезияда 400 сөнбеген жанартау орналасқан.
Индонезия мускат жаңғағын өсіруден дүние жүзінде бірінші орын алды.
Ява аралында әлемнің басқа бұрышында кездеспейтін Ява мүйізтұмсығы өмір сүреді.
Индонезия шетел ғалымдары үшін жануарлар мен өсімдіктер әлемін зерттейтін таптырмас орын. Тек 2012 жылдың өзінде бұнда жануарлардың 200-ге жуық түрі ашылды.
Бали аралының тұрғындары арасында екі диалект таралған.
Индонезияның басты байлығы – климат пен мәдениет. Жыл сайын бұл елге әлемнің барлық түкпірінен миллиондаған туристер жиналады.
Сурет: www.intertranstour.ru