Игілікті ісі ерен елдер

Игілікті ісі ерен елдер

Барлық ел азаматы шәкіртақы, медицина, білім беру саласындағы үкіметтен берілетін қаржыға қанағаттана бермейді. Ал өз елімізде мұның барлығынан белгілі деңгейде игіліктене аламыз. Бұдан бөлек, біраз елдің халыққа қызмет көрсетудегі игілікті заңдарынан сауатты болғанымыз артық болмас. 

Франция

Білім беру және медициналық көмек ақысыз. Францияның қоғамдық игілік қорының ерекшелігі: басқа елдің азаматы болсаң да, Францияда тұратын заңды салауатың болса болғаны, одан игіліктене аласың. Оқу мектептен университетке дейін ақысыз. Егер отбасылық табысың белгіленген өлшемнен төмен болса, балалар әр оқу маусымында оқу басталардан бұрын 249.07 евро көмек қаржысын ала алады. Емдеу саласы жұмыскерлерге бір жылдық еңбекақының тек бір апталық қана құнымен өлшенеді. Ал жұмыссыз адамдарға түгелдей тегін қызмет көрсетіледі.

Канада

Кез келген Канада азаматының баспана алуына кепілдік етеді. Кедей отбасы балаларының оқу ақысы түгелімен ақысыз. Жұмыссыз азаматтар айына 500-700 доллар тұрмыстық қамсыздандыру қаржысынан игіліктене алады. Отбасы жан саны үш адам болса, бұл қаржы 1100-1300 долларға өсіріледі. Сіз ғұмыр бойы еш жұмыс жасамасаңыз, бұл ақшаны өміріңіздің соңына дейін ала аласыз. Мұнымен қоса, табысы төмен отбасыларды үкімет пәтер ақысы арзан үйлермен қамтамасыз етеді. Үйдің пәтер ақысы үлкен-кішілігіне қарай емес, отбасының табыс көзімен есептеледі. 65 жастан асқан кез келген Канада азаматы қарттарды қамсыздандыру қорына өтініш жасай алады.

Швеция

Бұл елде емханада тек кезекке тізімделу ақысы ғана алынады. Оның өзі теңгемен есептегенде 30 теңгеден аспайды. Емдеу саласы тегін. Ал 20 жастан асқан әрбір жұмыссыз азамат күн сайын тұрмыстық қаражатпен қамтамасыз етіледі.

Австралия

Төмен табысты жұмысшылар тек 2.6 доллар ақшамен барлық медициналық көмектен игіліктене алады. Азамат жасына толып, жұмыссыз қалғандар болса, жыл сайын 15 мың доллар көмек қаржысымен қамтамасыз етіледі. Әйелдер 60, ерлер 65 жастан асқан, табысы белгіленген өлшемнен төмен қарттар болса, үкіметтің «қарттарды қамсыздандыру» қорынан игіліктенеді. Балабақша мен мектеп жасындағы оқушылар 18 жасқа дейін шәкіртақы алып отырады.

Жапония

Мұнда денсаулық сақтау саласы мен емханалар бүкілдей халыққа тегін қызмет өтейді. Төмен табысты отбасыларға үкіметтен баспаналар беріледі. 9 сыныпқа дейінгі оқушылар түгелдей ақысыз білім алады. 9 жасқа толмаған жасөспірімдерге қосымша «Жасөспірімдер қаржысы» беріліп отырады.

Норвегия

Бүкіл халық ақысыз емделуден игіліктенеді. Қызмет үстінде ауырып қалғандардың ешқашан еңбекақысы кемімейді. Босанған әйелдер толық еңбекақымен 42 апта демалысын алады. Сонымен қатар әйелінің босанған мезгілінде ерлер де 4 апталық «туыт демалысынан» игіліктенеді.

Германия

Қиыншылығы бар, кедей, табыссыз отбасылардың барлық қажеттілігі үкімет мойнында болады. Үкімет оларға экономикалық қаржы беруден бөлек, бағасы 30.68 евродан жоғары болған тұрмыстық қажетті бұйымдармен қамтамасыз етіп отырады. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек