ХХІ ғасырда пайда болған мемлекеттер

Жаппай қанды қырғынға нүкте қойылып, дипломатиялық қарым-қатынас орнаған ХХІ ғасырда да елдер мен ұлттар арасында жер үшін, шекаралық сызық үшін түсінбеушілік туындап, әлі де жаңа мемлекеттер пайда болып жатыр. Оның кейбірін БҰҰ мен әлемнің жетекші мемлекеттері мойындамайды, ал кейбірін мойындайды. Назарларыңызға ХХІ ғасырда пайда болған елдерді ұсынамыз.

©kykyryzo.ru

Шығыс Тимор (2002 жыл)

Астанасы –  Дили;
Мемлекеттік тілі – тетум және португал;
Жер көлемі – 15 007 км²;
Халқы – 1 291 358;
Валютасы – доллар (АҚШ);
Президенті – Франсишку Гутерриш

Португалияның бұрынғы колониясы Шығыс Тимор елі (ресми атауы Тимор-Лешти) 1975 жылы Португалиядан өз еншісін алғанымен қуанышы ұзаққа созылмады. Арадан 9 күн өткесін – 1975 жылы 7 желтоқсанда АҚШ пен Аустралияға сүйенген Индонезия оны жаулап алады. Азаттық үшін күрес кезінде елдегі 600 мың халықтың 200 мыңы қайтыс болған.

1999 жылы БҰҰ-ның қаулысымен Шығыс Тиморда егемендік туралы референдум өтіп, халықтың 78,6 пайызы тәуелсіздік үшін дауыс береді. Соған қарамай мемлекетте азаматтық соғыс болып, 2002 жылдың 20 мамырында ғана Шығыс Тимор толықтай тәуелсіз ел атанады.

©kuku.travel

Черногория (2006 жыл)

Астанасы –  Подгорица;
Мемлекеттік тілі – черногор;
Жер көлемі – 13 812 км²;
Халқы – 622 359;
Валютасы – еуро;
Президенті – Мило Джуканович.

Бұл социалистік Югаславия құрамынан шыққан соңғы мемлекет. 2006 жылға дейін Сербиямен конфедерациялық одақта болды. Черногорияның бөлініп шығуына сербтер қарсы болды. Себебі бөліну салдарынан олар Адриатика теңізіне төте шығу жолынан айырылып қалды. Соған қарамай Еуроодақ 2006 жылдың 21 мамырында референдум өткізу талабын қолдады. Тек жергілікті тұрғындардың 55 пайызы қатысу керек болатын. Бірақ нәтиже белгіленген шарттан да асып, халықтың 86 пайызы референдумға қатысады. Ел тәуелсіздігі үшін олардың 55,4 пайызы жақтап дауыс берген. Шын мәнінде Черногория экономикалық тұрғыдан бұрыннан тәуелсіз мемлекетке айналып үлгерген-ді. Себебі референдумға дейін олар өз валютасын айналымға енгізіп жіберген. Ал сайлау тек ресмилік қана болды.

©bestwanderlust.com

Косово Республикасы (2008 жыл)

Астанасы –  Приштина;
Мемлекеттік тілі – серб және албан;
Жер көлемі – 10887 км²;
Халқы – 1 920 079;
Валютасы – Еуро;
Президенті – Хашим Тачи

Косово елінің тәуелсіздігін БҰҰ-ның бірнеше мемлекеті мойындады. Ал Сербия заңына сәйкес Косово оның қол астындағы мемлекет болып саналады. 2008 жылы елдің 90 пайызы мемлекет тәуелсіздігін жақтап митинг ұйымдастырған. Осыдан соң Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ сынды ірі елдер Косовоның тәуелсіздігін мойындаған. Керісінше Ресей, ҚХР, Аргентина сынды мемлекеттер оны мойындаған жоқ. 

©1news.az

Кюрасао және Синт-Мартен (2010 жыл)

Кюрасао

Астанасы –  Виллемстад;
Мемлекеттік тілі – нидерланд және папьяменто;
Жер көлемі – 444 км²;
Халқы – 158 986;
Валютасы – Нидерланд антилья гульдені;
Корол – Виллем-Александр.

Синт-Мартен

Астанасы –  Филипсбург;
Мемлекеттік тілі – нидерланд және ағылшын;
Жер көлемі – 34 км²;
Халқы – 37 224;
Валютасы – Нидерланд антилья гульдені;
Корол – Виллем-Александр.

Кюрасао және Синт-Мартен 2010 жылдың 10 қазанына дейін Нидерландының Антиль аралдарына қарасты болды. Бірақ арнайы келіссөздер бойынша өзін-өзі басқаратын мемлекетке айналды. Бұл Нидерланды елі оның сыртқы және қорғаныс күштеріне ғана арласа алатынын білдіреді.

Кюрасао Антиль аралдарының ең үлкені болып, 158 мың халқы бар. Негізінен мұнай және туризм саласынан табыс табады. Синт-Мартеннің 40 халқы бар, шипажайларымен танылған ел.

©newsmen-lj.livejournal.com

Оңтүстік Судан (2011 жыл)

Астанасы –  Джуба;
Мемлекеттік тілі – ағылшын;
Жер көлемі – 34 км²;
Халқы – 12 340 000;
Валютасы –оңтүстік судан фунты;
Президенті – Сальваторе Киир Маярдит. 

Оңтүстік Судан 20 жылға уақыт тәуелсіздігі үшін күресті. Аяусыз соғыс салдарынан 2 миллионнан артық адам қаза болып, 4 миллионнан артығы босқынға айналды.

АҚШ пен Ұлыбритания Суданның тәуелсіздігі үшін бірнеше іс-шаралар ұйымдастырды. 2011 жылы өткен сайлауда халықтың 98,83 пайызы ел тәуелсіздігін жақтап дауыс берді. Осы жылдың 9 шілдесінде дүние жүзі картасында тағы бір мемлекет пайда болды.