Бір апта бұрын Үнді хайуанаттар бағының қызметкерлері қызықты махаббат қойылымының куәсі болды. Екі пілдің махаббат хикаясы зоопарктің уақытша жабылуына әкеліп соқтырды.
Қызметкерлерді қатты таң қалдырған пілдің біреуі Үндістандағы Одиша штатының қорығынан болса, ал екінші Гера атты ұрғашы піл жақын маңдағы хайуанаттар бағының қамауында тұрған.
"Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні жабайы піл сыртқы жарды бұзып өтіп, тікелей Гераға барғаны" туралы нанданканандық хайуанаттар бағының қызметкерлері хабарлады. Бұған дейін ол Гераны тек пілдер қорығынан көрген болуы керек. Бірақ жабайы піл ештеңеге қарамастан ес-түссіз ғашық екенін дәлелдеді. Хайуанаттар бағының қызметкерлері қанша кедергі келтірсе де, екеуі оларды бөлуге бой бермеді. Сол себепті зоопарк уақытша жабылды. Алайда жарылғыш снарядтың көмегімен қызметкерлер жабайы пілді қуып шығарды. Оған қарамастан, ол Гераға ұзақ қарап, кеткісі келмейтінін білдірді.
"Шақырылмаған қонақты кетіру үшін біз барлық операцияны орындадық. Бірақ екі жарым сағат өткен соң әрең шығардық", - деп зоопарктің директорының орынбасары жергілікті басылымға сұхбат берді.
Айта кетейік, ер жынысты пілдер некелік кезең жақындағанда өте ашулы келеді. Олар сезімдеріне кедергі келтірген адамдарға және басқа да жануарларға зақым келтіруі әбден мүмкін.
Қызметкерлердің және жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, мұндай махаббат хикаясы бұрын-соңды болмаған.
Сурет: www.thedodo.com
Оқи отырыңыз:
Эму түйеқұсы туралы не білеміз?
2014 жылдың 10 мистикалық құпиясы
Тазы сыны және аң қағушылық сипаты