Ғылымға белгісіз 60 түр

Жақында әр елден жиналған ғалымдар тобы Суринаманың оңтүстік-шығысындағы осы күнге дейін зерттелмеген таулы аудандарына арнайы экспедиция ұйымдастырып, оның нәтижесінде олар ғылымға белгісіз болып келген жәндіктер мен жануарлардың 60 түрін ашты.

Мамандардың сөзінше, аталған тіршілік иелері эндемик (яғни, басқа жерде кездеспейтін, тек белгілі бір аймақта ғана таралған) болулары да ғажап емес. Олар жасаған экспедиция үш апта бойы созылды. Топ құрамына барлығы 16 зерттеуші кірген екен.

Топ Палумеу өзенінің жоғары жағында орналасқан төрт бірдей беймәлім аудан зерттелген. Ол жерге ғалымдар аса қиын жолдармен, өздеріне көмектескен жергілікті 30 тұрғынның көмегімен ғана жете алған. Оған қоса олар өздерімен бірге 2 тоннадай салмақ тартатын құрал-жабдықтар мен тағамдарды да алып жүруге мәжбүр болған. Бірақ нәтижесінде олардың төккен терлері бос кеткен жоқ. Осы сапардың арқасында ғылым жаңа алты құрбақа, бір жылан, он бір балық және де көптеген жәндіктерге толықты.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/rJ23q3M1GII","width":"450","height":"338"});

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: globalwildlife.org