АҚШ-та көптеген адам өмірден озғаннан кейін қайта тірілу қиялына бата бастады. Олар үлкен миын немесе бүкіл денесін мұздатып, өлгеннен кейін екінші рет өмірге келіп, тағы бір рет өмір сүруге бел байлап отыр. Алайда мүрдені мұздатып ұзартудың нәтижесі жөнінде медицина саласында әлі күнге дейін аса бір ғылыми негіз табылмады.
Қазір дүние жүзіндегі мүрдені мұздатып біржақтылы ету орнынан үшеуі жұмыс істеп тұр. Оның екеуі АҚШ-та коммерциялық мақсатта құрылған мекемелер. Олар Геранг пен Мичиган штаттарында орналасқан. Ал енді бірі пайданы көздемеген. Көлемді «Alcor» деп аталатын ғұмырды ұзарту қоғамы. Ол Лос-Анжлес қаласының маңына орналасқан. Сондай-ақ Англияда бөлім органдары бар. «Alcor»-да кейбірі тұла-бойын мұздатса, кейбірі тек үлкен миын ғана тоңазытып сақтатқан. Мұндай ортада қазірге дейін 24 адам «ем» қабылдаған. Олардың арасында ең ерте қабылдаған адам 1976 жылы ақ қан ауруынан қайтыс болған Калифорния штатындағы психолог шипагер – Бед Фур есімді азамат еді.
Ал «Alcor» жобасына жауапты кісінің айтуынша, қазірге дейін 1580-нен астам адам осы орталыққа өтініш беріп, өздерінің ақыреттік істерін атқаруды тапсырған. Кімде-кім мұндай ұлағатты бастамаға қатыспақшы болса, алдымен 200 АҚШ доллары ақы төлеуі керек, онан соң, жылына 300 АҚШ долларынан тапсырып отыруы керек. Бақи дүниелік болғаннан кейін, тек бас бөлігін ғана мұздатса, 45 мың АҚШ доллары, ал, бүкіл денесін мұздатуға берсе, 120 мың АҚШ доллары төлеулері керек екен. Егер АҚШ азаматы болмаса, тағы 10 мың АҚШ долларын қоса тапсырулары керек. Ақысы қымбат болғанымен, көп адамдар мұғжизаның туылуынан дәмелі және сынақ жасап көруге дайын екендіктерін білдіріп отыр.
Бұл жобаға қатысушылардың бәрі қолдарына ерекше білезік тағып жүреді. Егер осы адам тұтқиыл өмірден озып жатса, білезікшеде шипагерлерге қажетті мәліметтер мен мүрдені боршалау, мүрдеге шіруден сақтау сұйығын сіңіру сияқты көрсеткіштерді таба алады. Білезікшеге мұздату орталығының телефон номері де жазылған. Ал мұздату орталығының шұғыл қызмет өтеу тобы 24 сағат бойы жарлық күтіп отырады. Алда-жалда тіркелгендердің о дүниелік болғанынан хабар келсе, қатысты қызметкерлер дереу оның басы-қасына жетіп барады. Олар өлген адамның үлкен миын қажетті оттегімен және қоректікмен қамдап, оның бір бөлігінің «жанын» сақтап қалуды мақсат тұтады. Онан соң, мүрдені мұздату техникасы арқылы ұзақ уақыт сақтауға көшеді.
Тіркелгендердің мүрдесі әкелгеннен кейін, алдымен мүрде суық сумен жуылады, сонымен бірге жүрекке, өкпеге әрекеттендіргіш жабдық салып, денедегі қан айналысы қалыпқа түсіріледі, әрі оттегімен қамдалады. Мүрдеге дәрі құйылып, дененің жаңа заттарды қабылдау қажеті одан ары жеңілдетіледі. Ең соңында, үлкен миды қанмен қамдауды қамтамасыздандыру үшін, мүрденің қаны адам мүшесін ауыстырғанда қан орнын пайдаланылатын затқа ауыстырылады. Осы кезде мүрде температурасы екі де үш градусқа дейі төмендейді. Сонан барып мүрде «Alcor»-дың Калифорния штатындағы қарашаңырағына жөнелтіледі.
Орталыққа апарылғаннан кейін, өлген кісінің дене температурасы онан әрі төмендетіліп, дәрі екі күн құйылады. Мүрде температурасы нөлден төмен 79 градусқа дейін түсіріледі. Одан соң, ерекше жасалған ұйқы қалтасына салынып, ішіне сұйық оттегі құйылып, нөлден төмен 196 градус ерекше төмен температурада сақталады.
Ғұмырын мұздатып ұзартуды армандаған адамдарда, әрине, сәуегейлік сезім де, сенім де жоқ деуге болмайды. Болашақтағы адамзат, бәлкім, олардың өмірін сақтап қалуы немесе ұзақ ғұмыр сүру ойын іске асыруларына мүмкіндіктер әперетін болуы ғажап емес.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: epochtimes.com