- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Готикалық шіркеу кафеге...
Готикалық шіркеу кафеге айналды
Van Staeyen Intérieur Architecten дизайнерлік студиясы Антверпен қаласындағы Әулие Иоанн шіркеуін қоғамдық тамақтану орнына айналдырды.
Бұл орын Cafe De Plek деп аталады. Жұртшылық мінажат етуге баратын жерге, енді антверпендіктер кофе ішуге баратын болды. Van Staeyen Interieur Architecten дизайнерлері кафе интерьерін өте ерекше жоспарлаған. Бір қызығы, сол шіркеуге тән бөліктер тұтастай сақталған екен.
Бар да жалпы атмосферадан ауытқымай, нағыз ағаштан жасалған. Айналасына да сондай орындықтар қойылған. Интерьердегі бирюза түс шіркеудің витраждарының түсіне келеді. Студияның негізін қалаушы Йохан ван Стайн бұл стильді "заманауи готика" деп атайды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Лондонда бір шіркеу Duddell's ресторанына айналса, Nike компаниясы Чикаго қаласындағы шіркеулердің бірінде баскетбол залын жасап алды.
А. Оралқызы