Голландиялық Вим Хоф суықты мүлдем сезбейді екен. Оның өзін мұз бен қарға құрсап тастағаны соншалық, оның организмі тіпті экстремалдық жағдайларда да дес бермейді. Мәселен, ол бірнеше рет шолақ шалбармен тау шыңдарын бағындырып, ұзақ уақыт бойы мұзда жатқан екен.
Дәрігерлердің бақылауынан соң Вим Хофтың организмі ешқандай өзгеріске ұшырамағаны анықталған. Ғалымдар мұны түсіндіре алмауда, ал голландиялық азамат адам өміріне қауіпті жерлерде өзін әдеттегідей сезінуі арқылы ел ықыласына бөленуде.
Йога десе, әдетте Үнді елі еске түседі... Ал 52 жастағы Вим Хоф йогамен ыңғайлы кілемше үстінде емес, тыр жалаңаш күйде мұздың үстінде отырып айналысуды ұнатады-мыс. Сондықтан болар, оны ел «поляршы» деп атап кеткен.
Бүгінге дейін атақты «мұз» адам 8 рет әлем рекордын орнатыпты. Екі жыл бұрын Финляндияда өткен жартылай марафонда ол бір ғана қысқа шалбармен 20 градустық аязда 22 шақырым жүгіріп өтті. Ал 2008 жылы Вим 73 минут және 48 секунд мұзды суда болған.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: mirfactov.com