- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Голландия азаматшасы ...
Голландия азаматшасы мысықтарына $ 300 000 мұраға қалдырды
БҰҰ-ның Эллен Фрей-Воутерс есімді қызметкері мысықтарына 300 000 АҚШ доллар көлеміндегі ақша мұраға қалдырған.
Голландия азаматшасы 2015 жылы 88 жасқа аяқ басқан шағында Нью-Йорк қаласында дүниеден озған. Оның жолдасы Эллен 1989 жылы қайтыс болса, олардың жалғыз баласы жасөспірім кезінде бақилық болған екен. Тікелей мұрагері болмағандықтан, Фрей Воутерс ханым бар жиғанын өзі қатты жақсы көрген мысықтарына қалдырған. Оның үй қызметкері Далия Гризлдің айтуынша, Воутерс өзі өмірден өткеннен кейін сүйікті үй жануарларының қараусыз қалмағанын қалаған.
Қазір үлкен мұраға қол жеткізген мысықтардың бірін Гризл күтіп баптаса, екіншісі Рита Похила есімді екінші қызметкердің қарауында. Үй жануарлары өлгеннен кейін қалған ақша Фрей Воутерстің Нидерланд жерінде тұратын сіңлісіне өтеді екен.
А. Оралқызы