Deutsche Bank-тің валюта сату бөлімінің қызметкері жаңылысып, АҚШ-тағы жеке қорлардың біріне $6 млрд аударып жіберген.
Reactor.inform.kz хабарлағандай, абырой болғанда қателік келесі күні анықталып, ақша банктың есеп-шотына қайтарылады.
Банк болған оқиға туралы британиялық қаржылық бақылау орталығына, Еуропалық орталық банк пен АҚШ-тың Федералды резерв қорына хабарлап, әлемдік қаржылық қауымдастығын біраз дүрліктірген көрінеді.
Дереккөз: NUR.KZ