Германияда жылына 1 еуро төлеп пәтер жалдауға болады

Германияда жылына 1 еуро төлеп пәтер жалдауға болады
Фото: fugger.de

Германия өзінің кереметтерімен таңғалдырудан жалығар емес. Немістердің Аугсбург қаласынан жылына 1€ еуро төлеп пәтер жалдап тұруға болады. Ол үшін тек үш қағидаға сәйкес келсеңіз жеткілікті.

1521 жылы танымал банк маманы Якоб Фуггердің жасап кеткен жобасы әлі күнге дейін өз жалғасын табуда. "Фуггерия" есімімен неміс жұртшылығына таныс мекен 500 жыл өтсе де өз құндылығын жоғалтпаған. Сол уақытта аталған жобаның негізін қалаушы азамат өзінің салған үйіне адамдарды тегін тұрғызуға үндеу тастаған. Ол үшін тек үш қағидадан сүрінбей өту керек.

Пәтерге кезекке тұрушыларға мынандай қағидалардан көрсетілген. Ең бірінші Аугсбург қаласынан болуы тиіс. Ал екіншіден, католик дінін ұстанса, үшіншіден кедей болуы міндетті. Бүгінгі таңда мұнда 150 тұрғын өмір сүреді.  140 пәтерге иелік етіп отырған жандарға арнайы күзетші де қойылған. Тұрғын үйдің қақпасы түңгі 10-да жабылып, таңғы 5-те ашылады. Ал көрсетілген уақыттан кешіккен үй иелері 50 цент төлеп бөлмелеріне жайғасады. Бұл аса ірі көлемдегі сомма емес, алайда "Фуггерия" мекенінің жарты жылдық пәтер ақысы. Мұнымен қоса комуналдық төлем жылдық қаржыдан бөлек төленеді.


"Фуггерия" - көне ғимараттардың бірі. Бұл жерге туристер арнайы ат басын бұрып, 500 жылдық өркениеттің қалашығымен танысып кетеді. Аталған жобаны жауып тастауды әлі ешкім ойына да алмаған. 

B. ZHAQSYMBET