Германияда банктен 100 миллион еуро тоналды

Германияда банктен 100 миллион еуро тоналды

Англия "Today Post" газетінің хабарлауынша "көреген" ұрылар жер астына 30 метр ұзындықтағы тунел қазып, құны 100 миллион еуро тұратын ақша және т.б мүліктерді ұрлаған. Берлин қаласындағы Volksbank атты банктың сақтау орынына кірген қаскөздер ақша және қымбат бағалы заттарды жымқырған. 100-ге жуық сейфті шағып үлгерген тонаушы топ биіктігі 1,4 метр, кеңдігі 0,9 метр, қабырға, төбе, едені ағашпен қымталып, кедергісіз жол жасап та қойған екен. Полиция мәліметтеріне негізделгенде, олар жақын маңнан көлік қоймасын жалға алып, барлық жұмыстарын сол жақта жүзеге асырған. 

Сарапшылар пікірінше бұл істі тек арнайы мамандандырылған топ қана жүзеге асыра алады екен. Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, алғашқы деректер бойынша салынған суреттермен тонаушыларға іздеу жарияланды.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

M. Auelkhan