Американың "Секвойя" атты ұлтық саябағынан табиғаттың нағыз ғажабын көруге болады. Нақтырақ айтсақ, мұнда әлемдегі ең алып ағаш өсіп тұр. Аса үлкен секвойяның көлемі 1500 шаршы метрге жетеді. Бұл – біздің планетаның ең танымал, ең ғаламат өсімдігі саналады. Секвойя мұндай атақ пен қошеметке ұзындығы үшін емес, көлемі үшін бөленіп отыр.
1879 жылдан бері ағаш азаматтық соғыс жылдарында аты шыққан генерал Шерманның атын иемденіп жүр.
Ғалымдар ұзақ уақыт бойы ерекше ағаштың жасын анықтай алмай келді. Көптеген зерттеушілер "генерал Шерманның" жасы үш жүз мыңнан асып кетті дегенді алға тартты.
Алайда соңғы зерттеулер бұл болжамды жоққа шығарып отыр. Жиырма төрт метр діңімен таңырқатып отырған ағаштың шынайы жасы екі мыңда екен.
Жыл сайын кәрі ағаштың көлемі жарты сантиметрге көбейіп отырады. Алайда, осы мөлшердің өзі бірнеше адамнан тұратын отбасыға үй салуға жарайды.
АҚШ-тың Калифорния штатының аймағында орналасқан "Секвойя" ұлттық саябағына жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен он мыңдаған турист келеді. Олардың көпшілігінің мақсаты – ғасырлар куәгері атанған "генерал Шерманды" көздерімен көріп, жай ғана бірге тұрып суретке түсу.
Суреттер:byaki.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева