Әлемнің әр түкпірінде ғашықтарға арналған романтикалық жерлер жетерлік. Бүгін біз сіздерге солардың ең үздіктерін ұсынамыз.
1. Филиппин еліндегі Dedon Island Resort қонақ үйі.
Бұл жер таза ғашықтарға арналған жұмақ мекен. Таңғажайып табиғаты ұмытылмас әсер қалдырары сөзсіз.
2. Мексикадағы Hidden Beach жағажайы.
Суретте көріп тұрғандарыңыздай бұл жер де ерекше есте қаларлықтай. Өйткені жағажайға жету үшін алдымен 15 метрлік туннельді жүзіп өту керек. Алайда Hidden Beach жағажайы соған тұрарлық.
3. Боливия, Уюни.
Бұл оңтүстік жазықтықтағы құрғап кеткен тұзды көл көктемде ең көрікті жерлердің біріне айналады.
4. Финляндиядағы Kakslauttanen қонақ үйі.
Егер ыстық немесе жылы климатты елдерді ұнатпасаңыз сізге осы жерге баруға болады. Бұл Аяз Атаның елі. Сүйгеніңізбен терезеден мамықтап жауып тұрған ақ қарды тамашалауға болады.
5. Мальдивтегі Вааду аралы.
Мольдив әлемдегі ең үздік романтикалық жер деген атақты бекерден бекер алған жоқ. Осы жерде ғана жұбыңызбен бірге өткізген кешіңіз мәңгі есіңізде қалады. Өйткені қараңғыда жарқырап тұрған фитопланктон ерекше көңіл-күй сыйлайды. Мұндай сұлулық кез келген адамның көңілінен шығады деп сенеміз.
6. Оңтүстік Африкада орналасқан Lion Sands қонақ үйі.
Егер шәрбат айыңызды табиғат аясында өткізгіңіз келсе, сізге Оңтүстік Африкадағы осы керемет қонақ үйді ұсынғымыз келеді.
7. Убуд, Индонезия.
Әбігерлікті, адам көп жерді ұнатпайтын болсаңыз мына жер сізге жайлы әрі қолайлы. Мұндай азиялық шипажайда рахаттана серуендеуге болады.
8. Тайландтың Хонг аралындағы Dream Beach жағажайы.
Бұл жерге барсаңыз, қайтып оралғыңыз келмейді. Ақ құмдар, көкшіл теңіз, сүйген жаныңыз қасыңызда. Бұдан асқан бақыт бар ма?
9. Сельяландсфосс сарқырамасы, Исландия.
Исландия бағзы заманнан миллиондаған турист келетін ел екені белгілі. Сүйген адамыңызға осы жерде ұсыныс білдірсеңіз, ойланбастан келісім берері анық. Өйткені осындай сұлу табиғат сіздің сезіміңіздің ұлы екеніне дәлел бола алады.
10. Қытайдағы өрік алқабы.
Жылына бір рет бұл алқап гүлденіп, ақ, алқызыл жапырақтарға толы болады. Айналаға хош иіс беретін атырап нағыз романтиктердің отаны.
Ал сіз сүйіктіңізбен қай жерге барғыңыз келеді?
Сурет: classictravelservice.blogspot.com, www.cotidianul.ro
Оқи отырыңыз:
Әлемдегі ең ұзын тірі гүлден жасалған көйлек
Шөл далада орналасқан кинотеатр
Бізге беймәлім ғажайып мекендер
Әлемдегі ең мықты қамалдар