- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ғарышкерлердің Марсқа ұшуы...
Ғарышкерлердің Марсқа ұшуы алғашқы һәм соңғы болуы мүмкін
Еуропа ғарыш агенттігі Марсқа алғашқы экспедиция ғарышкерлер үшін соңғысы болуы мүмкін екендігінен алаңдайды.
Марсқа ұшатын ғарышкерлер (немесе колонияшылар) шамамен бір жыл ұшатын жолға шыдамауы мүмкін. Себебі олардың кәсіби қызметінің нәтижесінде денесіне қабылдайтын радиацияның 60 пайызын алғашқы жарты жылда-ақ қабылдайды.
"ExoMars" жобасының мамандары ондаған жануарларға тәжірибе өткізіп, осындай шешімге келіп отыр. Ғарышта радияциядан абсалютті қорғану мүмкін емес. Мұндай технологиялар бар. Антирадиацион "қабық" бірнеше жүз тонна, оны құрастыру мен ғарышқа алып шығу үшін ондаған супер зымырандар қажет.
Ғарышкерлердің денесіне радиацияның топталуынан қатерлі ісіктер пайда болу ықтималдығы 100 пайыз. Осының нәтижесінде жаңа дүниеге саяхат кезінде ғарышкерлер жолда-ақ қайтыс болуы, аман қалғандары Қызыл ғаламшарда дүниеден өту қаупі бар.
Т. Раушанұлы