Айдың Жерден қарағанда көрініп тұратын ең үлкен кратері Бейли деп аталады. Оның көлемі шамамен 26000 (1 мил 1,6 шақырымға тең) квадрат милге тең. Жерге күніне 27 мың тонна ғарыш шаңы жауады. Бір жылда шамамен 10 мың тоннадан артық шаң жерге түседі екен. Галактикамызда әр жылы қырыққа жақын жаңа жұлдыздар пайда болады. Күн сәулесі Жерге 8,5 минутта жетіп келеді. Күн әр секунд сайын сәуле шашып тұрғанына байланысты 4 тонна салмағын жоғалтады. Бұл дегеніміз тағы да 10 миллион жылдан соң күн сөніп қалуы мүмкін. Егер бір шай қасықты нейтрон жұлдыздарын түзетін қоспамен толтырса, оның салмағы 110 миллион тонна болады екен. Калифорнияның Паломар тауындағы телескоппен 7,038, 835,200, 000,000, 000,000 мил қашықтықтағы заттарды көріп, зерттей аласыз. Күн тізбегіндегі барлық ғаламшарлар Юпитер ғаламшарының ішіне сыйып кетеді. Қарапайым пошта маркасы көлеміндей күн бөлшегі 1500000 дана шам жанғандай жарық бере алады. Жердегі салмағы 100 келі тартатын зат, Марста 38 келі болып жеңілдейді. Күн қуатының 19 пайызы атмосфераға сіңіп, 47 пайызы Жерге түсіп, 34 пайызы ғарышқа қайтып кетеді екен. Меркурий ғаламшарындағы 1 күн Жердегі 2 жылдан да ұзақ уақыт. Меркурий өз өсінде өте ақырын айналады. Күнді 88 күнде айналып шығады. Әлемде ең көп табиғий метеориттер жинаушы коллекционер америкалық Роберт Хааг. Ол 12 жасынан бастап 2 тонна аспан денелерін жинаған.