Ғарыш туралы қызықты деректер

Ғарыш туралы қызықты деректер
Фото: udn.com

∞ Айдың Жерден қарағанда көрініп тұратын ең үлкен кратері – Бейли деп аталады. Оның көлемі шамамен 26 000 (1 мил – 1,6 шақырымға тең) квадрат милге тең.

∞ Жерге күніне 27 мың тонна ғарыш шаңы жауады. Бір жылда шамамен 10 мың тоннадан артық шаң жерге түседі екен.

∞  Галактикамызда әр жылы қырыққа жақын жаңа жұлдыздар пайда болады.

∞ Күн сәулесі Жерге 8,5 минутта жетіп келеді.

∞ Күн әр секунд сайын сәуле шашып тұрғанына байланысты 4 тонна салмағын жоғалтады. Бұл дегеніміз тағы да 10 миллион жылдан соң күн сөніп қалуы мүмкін.

∞ Егер бір шай қасықты нейтрон жұлдыздарын түзетін қоспамен толтырса, оның салмағы 110 миллион тонна болады екен.

∞ Калифорнияның Паломар тауындағы телескоппен 7,038, 835,200, 000,000, 000,000 мил қашықтықтағы заттарды көріп, зерттей аласыз.

∞ Күн тізбегіндегі барлық ғаламшарлар Юпитер ғаламшарының ішіне сыйып кетеді.

∞ Қарапайым пошта маркасы көлеміндей күн бөлшегі 1 500 000 дана шам жанғандай жарық бере алады.

∞ Жердегі салмағы 100 келі тартатын зат, Марста 38 келі болып жеңілдейді.

∞ Күн қуатының 19 пайызы атмосфераға сіңіп, 47 пайызы Жерге түсіп, 34 пайызы ғарышқа қайтып кетеді екен.

∞ Меркурий ғаламшарындағы 1 күн Жердегі 2 жылдан да ұзақ уақыт. Меркурий өз өсінде өте ақырын айналады. Күнді 88 күнде айналып шығады.

∞ Әлемде ең көп табиғий метеориттер жинаушы коллекционер америкалық – Роберт Хааг. Ол 12 жасынан бастап 2 тонна аспан денелерін жинаған.

Т. Раушанұлы
Logotype Massaget