- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ғарыш туралы қызықты...
Ғарыш туралы қызықты деректер
∞ Айдың Жерден қарағанда көрініп тұратын ең үлкен кратері – Бейли деп аталады. Оның көлемі шамамен 26 000 (1 мил – 1,6 шақырымға тең) квадрат милге тең.
∞ Жерге күніне 27 мың тонна ғарыш шаңы жауады. Бір жылда шамамен 10 мың тоннадан артық шаң жерге түседі екен.
∞ Галактикамызда әр жылы қырыққа жақын жаңа жұлдыздар пайда болады.
∞ Күн сәулесі Жерге 8,5 минутта жетіп келеді.
∞ Күн әр секунд сайын сәуле шашып тұрғанына байланысты 4 тонна салмағын жоғалтады. Бұл дегеніміз тағы да 10 миллион жылдан соң күн сөніп қалуы мүмкін.
∞ Егер бір шай қасықты нейтрон жұлдыздарын түзетін қоспамен толтырса, оның салмағы 110 миллион тонна болады екен.
∞ Калифорнияның Паломар тауындағы телескоппен 7,038, 835,200, 000,000, 000,000 мил қашықтықтағы заттарды көріп, зерттей аласыз.
∞ Күн тізбегіндегі барлық ғаламшарлар Юпитер ғаламшарының ішіне сыйып кетеді.
∞ Қарапайым пошта маркасы көлеміндей күн бөлшегі 1 500 000 дана шам жанғандай жарық бере алады.
∞ Жердегі салмағы 100 келі тартатын зат, Марста 38 келі болып жеңілдейді.
∞ Күн қуатының 19 пайызы атмосфераға сіңіп, 47 пайызы Жерге түсіп, 34 пайызы ғарышқа қайтып кетеді екен.
∞ Меркурий ғаламшарындағы 1 күн Жердегі 2 жылдан да ұзақ уақыт. Меркурий өз өсінде өте ақырын айналады. Күнді 88 күнде айналып шығады.
∞ Әлемде ең көп табиғий метеориттер жинаушы коллекционер америкалық – Роберт Хааг. Ол 12 жасынан бастап 2 тонна аспан денелерін жинаған.
Т. Раушанұлы