- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ғалымдар Юпитерде су...
Ғалымдар Юпитерде су бар екенін анықтады
Америкалық ғалымдар тобы Юпитердегі "Үлкен қызыл дақ" аталатын атмосфера дауылында көп мөлшерде мұз кристалдары бар екенін анықтады.
Сарапшылар "Қызыл дақты" зерттеген "NАСА IRTF" телескопы мен "Keck 2" (Гавайи) телескопы мәліметтеріне сүйеніп, осындай шешімге келіп отыр. Ғаламшардағы дауыл үш қабаттан тұрады. Оның жоғарғы қабаты 5-7 атмосфера қысымына ие. Ғалымдардың пікірінше, осы қабат мұз кристалдарынан тұрады деуге барлық дәлел жеткілікті.
Егер бұл мәліметті 2016 жылдан бері Юпитерді зерттеп жатқан "Juno" ғаламшараралық станциясы растайтын болса, Сатурн, Уран және Нептуннан да су іздеу операциялары жалғасады.
Күн жүйесіндегі ең үлкен дауыл – "Үлкен қызыл дақтың" ұзындығы – 40, ені – 13 шақырым. Ғалымдар бұл дауылды 300 жылдан бері зерттеп келеді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ғалымдар Марста кейде мұздың еруінен су болуы мүмкін екенін, бірақ ғаламшардағы төмен қысымға байланысты оның көп өтпей буланып жоқ болып кететінін, енді Марста тұрақты түрде су бар екені туралы дәлелдер пайда болғаны туралы және Айда да мұз табылғанын, бұдан айдың болашақ тұрғындары күн жүйесін одан әрі "жаулап алу" үшін қолданылатын отын шығара алатынын жазған едік.
Т. Раушанұлы