Әлем ғалымдарының зерттеуінде жатқан мыңдаған құжаттар бар. Олардың ішінде бірі ұзақ жылдар мен ғасырды талап етсе, бірі тез әрі нақты жүзеге асып жатады. Ұзақ жылдар бойына зерттеліп, өзінің құпиясын ашпай келе жатқан Войнчин қолжазбасы осының куәсі. Войнчин қолжазбасы XV ғасырдың алғашқы жарты жылдығында, белгісіз бір автордың жазуымен пайда болған, бүгінгі адамзат үшін жауабы жоқ жұмбақ күйінде қалып келген құпия. 240 беттен тұратын иллюстриалы жазулар түсініксіз тілде жазылған. Одан бөлек ондағы суреттерде ғылымға белгісіз өсімдіктер мен аспанға тән белгілермен салынған. Ең білікті криптографтар бастаған оның ішінде британ және америкалық арнайы қызметкерлері ат салысқан ғалымдардың ұзақ жылдар бойы жасаған еңбектері жемісін берген секілді. Олар түсініксіз тілде жазылған еңбектің алғашқы беттерін парақтап, сырын анықтай бастады. Альберт атындағы Канада университетінің мамандары бұл жемісті еңбекке жасанды сана арқылы қол жеткізіп отыр. Осыған дейін жасанды сана арқылы Адамзат құқының декларациясын тесттен өткізіп, алгоритм жүйесімен жазып шыққан. 380 тілге аударылып басылған еңбектің 97 пайызы қазіргі тілге сәйкес жасалған. Ал Войнчин қолжазбасы бұл алгоритмге бағынбады. Себебі онда әріптер түсіп қалған, дауысты дыбыстар да бірде бар, бірде жоқ, әріптердің қатары да ауысқан. Ақыры алгоритм зерттей келіп, бұл құпия еңбектің иврит тілінде жазылғанын анықтады. Войнчин қолжазбасының алғашқы беттегі бірінші сөйлемі де аударылды. Онда былай делінген: Ол пірәдарға, үй иесіне, маған және адамдарға ұсыныс берді. Мәтінде сонымен қатарп фермер, жарық, ауа және от деген сөздер жиі кезеседі. Канадалық мамандар алдағы уақытта тек жасанды сананың қауқарсыз екенін айтып, оларға иврит тілін меңгерген, білікті криптографтар және тарихшылардың керек екенін айтады. Бұрын бұл құпия еңбектпен АНБ және ОББ (ЦРУ) қызметкерлері де жұмыс жасағанын айта кету керек, бірақ олар құпияның жауабын таба алмаған. Войнчин қолжазбасы 6 үлкен тараудан тұрады: ботаникалық, астрономиялық, биологиялық, ғарыштық, фармацевтикалық және нұсқаулық. Еңбектің Войнчин қолжазбасы деп аталуы антикварлық Вильфред Войнчиннің 1912 жылы жазбаны тапқаны үшін атына берілген. Дәл қазір қолжазба Йельдегі Бейнеке сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Болжамға сенсек, құпияға толы еңбек 1404-1438 жылдар аралығында жазылған.