- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ғалымдар мұны түсіндіріп...
Ғалымдар мұны түсіндіріп бере алмай отыр
Манчестердегі мұражайда ғалымдар түсіндіріп бере алмайтын құбылыс бар. Мұражайда орнатылған бейнекамералар Осирис құдайы мүсінінің өз бетінше 180 градусқа айналғанын түсіріп алыпты. Бұл туралы Manchester Evening News хабарлады.
Мүсіннің биіктігі 25 сантиметр. Ол б.з.д. 1800 жылы жасалған. Неб-Сену атты мүсін қазба жұмыстары кезінде фараон қорғанында табылған. Ал Манчестерлік мұражайға 1933 жылы әкелінген екен.
Видеода мүсінге ешкімнің де тиіспегені көрінеді. Егер роликті жылдамдатып қарасаңыз өз осінің бойында айналып тұрғанын байқайсыз. Қазірге дейін ешбір ғалым бұл туралы мәлімдеме жасай алмай отыр. Мұражай жұмысшыларының сөзіне сенсек, мүсін тек күндізгі уақытта ғана айналады екен де, ал түнде еш қимылсыз тұрады. Тексерілмеген тұжырымдарға сенсек, мүсін адамдардың жақын маңда жүргенінен, яғни вибрациядан қозғалады. Бұл көзқарасымызды бұған дейін мүсінмен ешқандай да қызықты құбылыстар болмағаны жоққа шығаратындай.
Естеріңізге сала кетсек, Египет фараонының қорымын ашуда ғалымдар оның қарғысынан қатты қорыққаны, және ол туралы қауесет әңгімелер 1922 жылы Тутанхамон фараонын қазып алғаннан кейін таралып кеткен болатын. Қазба жұмыстары жүргеннен кейін 7 жылда әр жылы бір адамнан 8 адам қайтыс болыпты.
Ал сіз бұл мүсін туралы не ойлайсыз?
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: sfw.so
А. Құлтай