- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ғалымдар бүкіләлемдік жылынуға...
Ғалымдар бүкіләлемдік жылынуға қатысты сұхбат берді
Америкалық ғалымдар бүкіләлемдік жылыну процесіне қатысты сұхбат берді. Олар арктикалық мұздардың еруі жер бетін күңгірт қыла түсетіндігін айтты.
Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ғалымдарының айтуынша, Арктикадағы мұздар еріген сайын Жер бетінде қошқыл аймақтар көбейе түседі. Осының себебінен, Жер кез келген қара дене секілді күн сәулесін өзіне жұта түседі. Бұл бүкіләлемдік жылыну процесін тездетеді.
Зерттеушілердің ойынша, Арктиканың соңғы жылдары жұтқан энергиясын Жер бетіне бірқалыпты тарататын болса, бүкіл әлемдегі орташа температура 25 пайызға өсе түседі. Ғалымдар, сонымен қатар, Арктика жұтатын энергия бұрын компьютермен есептелген көрсеткіштен 2 есе артық болып шыққандығын айтты.
Дайындаған: Елбарыс Махамбет
сурет: berioska.ru
Е. Қайрахан