Ғаламтор жұлдызына айналған бульдог (видео)

Ғаламтор жұлдызына айналған бульдог (видео)
Фото: rackcdn.com

АҚШ-та Бонсай атты бульдог ғаламтор жұлдызына айналды. Жарты омыртқамен туылған иттің суреті қазір әлеуметтік желілер (Facebook, Instagram) әлемінде шарлап жүр.

Салпаң құлақтың суреттерін оны бағып-қағып жатқан жануарларға арналған арнайы мекеменің қызметкерлері ғаламторға жариялап жіберген.

Бонсайдың танымал болып кеткені соншалық, қазір оның суреті бар футболкалар мен брелоктар шығарыла бастапты. Бульдог сирек кездесетін сакральді агенезия ауруымен туылған.

Артқы аяқтары өте кішкене және оның тіршілік әрекетіне еш жарамсыз болғандықтан, ампутациялауға тура келіпті. Сол себепті, Бонсай тек бауырлап ғана қозғала алады.


Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы