Ғаламның ашылмаған сырлары

Жер ғаламшары түсіндіру мүмкін болмайтын тылсымға толы (Мысыр елінің пирамидасын  кім салды? Наска шөл даласына қою сызықты кім сызып кетті?)  сырлы дүниелерге  бай екенін барлығымыз  білеміз. Осы құпиялы  аймақтарды кім және қандай себеппен салдырғанын білуге асығамыз. Орыс жазушысы Белинский айтып кеткендей, адам дүниедегі ең қызыққұмар жан. Мұны, әсіресе, зерттеуші ғалымдар мен оқымыстылардың іс-әрекетінен байқауға болады. Сонымен, олардың жасаған зерттеулерінің қандай нәтиже бергенін көрейік. Ғаламның  сырға толы 10 жері туралы ақпарат ұсынамыз.

1. Гиза пирамидасы және Сфинкс (Египет)

Бізге пирамида перғауын  жерлейтін орын ретінде белгілі.  Әйткенмен, оның құрылыс науқаны, жазу түсініктемесі,  символ мағынасы, салынған уақыты әлі күнге дейін құпия. Гиза пирамидасын ғалымдар осы уақытқа дейін мысырлықтар жан саулық  үшін салған құрылыс деп есептеген.

2. Стоунхендж (Ұлыбритания)

Қазіргі кезде  Стоунхендж  ескерткішінің атағы шарықтап тұр.  Ол ағылшынның Уилтшир аймағында орналасқан. Стоунхендж біздің заманымыздан бұрын 2500 жыл бұрын тұрғызылып,  1400 жылы қайта жөндеуден өткен. Осы күнге дейін арнайы маман иелері  көне кітап бумаларын ақтарып, ізденіс жұмыстарымен айналысып жатыр.

3. Пасха аралы (Чили)


Пасха аралы Рапа-Нуи және Исла де Паскуа деген атпен мәлім. Тынық мұхитының оңтүстік-шығыс бөлігінде полинезиялық аралдың жарты аймағында орналасқан.  Оның әйгілілігі Рапануи жұрты жасаған көлемді ірі мүсіндерімен байланысты. Олардың салмағы – 86 тонна. Қазіргі уақытта басты мүсін  Рана Паракуда жерінде, ал қалған ескерткіш тастары аралға тас платформасы ретінде жайғастырылған.

4. Баальбек (Ливан)


Баальбек – Ливан мемлекетінің шығыс бөлігінде орналасқан қала.  Елді мекен б.з.б  337 жылы финикиялық гректер билік жүргізіп жатқан кезде гүлденген. Бұл қала император Август үстемдігінде Рим мемлекетінің колониясы болды.  Римдіктер алдағы 300 жыл бойы үш ғибадатханадан тұратын  ірі «ансамбль» салған. Оның айналасындағы қоршау қабырғасы қолдан пішіп істелген  алып тастардан топшыланған. Баальбек қаласының оңтүстік шығаберісінде ойып алынған тас карьері бар.

5. Мачу-Пикчу (Перу)


Мачу-Пикчу – Инк империясының тәуір сақталынып қалған қаласы. Ол Анд тауының жоғары шатқалында  табан тіреген.  Осындай табиғи орта Инк империясын  испандық  конкистадор қауіпінен аман сақтап қалуға көмектескен. Құрылыс шеберлері тас кесектерін бір-бірімен тығыз жабыстырып орналастырған. Сәнгерлер стильдік жанрын одан бетер нақыштап, аса мықты талғампаздықпен таңдалған текстураларды бір беткей етіп үйлестірген. Қазір де ғибадатханалардың қираған үйінділері, екі қабатты үйлер мен қоймалар сақталған. Оқымыстылар  Мачу-Пикчуді  біздің дәуірімізден 1450 жыл бұрын салынғанын дәлелдеді. Көне қаланы 1911 жылы америка ғалымдары Оңтүстік Америка еліндегі асқар тау баурайына жасаған  экспедиция кезінде кездейсоқ  ашқан. 

6. Наска сызығы


Наска сызығы әлемдегі ең үздік геоглифтер топтамасы болып саналады. Бұл суреттер 300-ге жуық  жан-жануарлар мен құстардың  геометриялық сызықтар арқылы салынған бейнелерінен тұрады. Наска сызықтары алып далада созылып жатқандықтан, оны тек тікұшақпен жоғары шығып қана көре аласыз.

7. Тиуанако (Боливия)


Тиуанаконың жасы осы күнге дейін құпия болып келуде. Оны шамалап осыдан 17 000 жыл бұрын салынған деп айтады. Мұндай шешім тас бөлшектеріне сараптама жасау нәтижесінде шыққан. Ертедегі адамдар тасты негізгі шикізат ретінде пайдаланып, Акапана секілді пирамида тұрғызған.

8. Чичен-Ица ​​(Мексика)


Чичен-Ица қаласы – Мексикада орналасқан Юкатан аралындағы Майя тайпасы салып кеткен  көне өркениет іздері. Қала белгісіз себептермен қараусыз қалып, біраз уақытқа дейін иесін таппай келген. Бір жылдары Испан  конкистадорлары құпия жерге байланысты барлық манускрипттерді жойып жібереді. Қала құрылысы Эль-Кастильо ғибадатханасы секілді ауыр инженерлік жұмыстарға толы.  Биіктігі 30 метр 9 сатылы Кукулькана пирамидасы Чичен - Ица қаласының  басты орталығы ретінде қабылданған.  Оның төбе жағында Чак-мул, басқаша айтқанда жаңбыр құдайының тас мүсіні қойылған. Мұны майяның  Itzáes тайпасы біздің заманымыздан 9 ғасыр бұрын салып,  XII ғасырға  дейін өңірлік экономикалық орталық ретінде пайдаланған.

9. Коста-Рика тас өрісі


Археология тарихындағы табылған ең ерекше аймақтардың бірі – Коста-Рикадағы Diquis Delta. 1930 жылдан бастап жүздеген тастар шар тәріздес формаға келтіріліп, үлкендігі кішкентай көлемнен бастап диаметрі екі метрге жететін доңғалақтарға  айналған. Кейбір домалақ тастардың салмағы 16 тонна. Барлық қатты заттар грандиорит пен магмалық  тастан жасалған. Бұлардың бәрі адам қолынан шыққан дүниелер.

10. Жапониядағы қираған суасты үйіндісі


Жапонияның оңтүстік Йонагуни жағалауының астында  8000 жыл бұрын салынған ғимараттардың қираған үйінділері табылды. Оны 1995 жылы дайвер спортшысы қолындағы фотоаппараты арқылы алыстан байқап қалған.

Оқи отырыңыз:

Жартастағы "тірі" мүсіндер

Румынияның жер асты өмірі

Әйнектен жасалған қыл көпір

Таңғажайып төңкерілген үйлер

Жер шарындағы тылсым «түпсіз тұңғиықтар»

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы 

Сурет:www.aquadiparma,tonkosti.ru,tainy.info