Ағаштарды шектен тыс көп отырғызу әрқашан оң ықпалын тигізе бермейді, мұның да зияны бар көрінеді. 1750 жылдан бері Еуропада өсіп келе жатқан ормандар ғаламдық жылынуды одан әрі үдете түскен.
1750-1850 ж.ж. Еуропада ормандардың көлемі күрт азайған. Ал кейін өндірістік индустрия дамып, энергияны көмір, мұнай, газ тәрізді қазба байлықтардан өндіру тиімділігі артады. Ормандарды отау күрт тоқтатылған. Ал 1850-2013 ж.ж. аралығында Еуропадағы ормандардың ауданы 190 000 км² көбейген. Одан өзге ормандар 85% бақылауға алынған, яғни біз айтып отырған жабайы ормандар мүлдем «жабайы емес», адамдардың қарауы мен қорғауына көшкен.
Алайда ормандар, ағаштар көбеюінің зиянды тұстары да бар екен. Біріншіден, жапырақтар мен өлі ағаштарда көп мөлшерде сақталған көміртек газы ауаға таралуына себепкер болады. Екіншіден, қылқан жапырақты ағаштарға қарағанда жалпақ жапырақты ағаштардың көбеюі күн радиациясының ғарышқа тарау құбылысы саналатын альбедо процесінің үдеуіне мүмкіндік туғызады. Қарағай мен шырша емен мен шамшам ағашына қарағанда жылуды көп сорады екен. Ауаға жылу бөлетін ағаштарды көп отырғызу кері ықпалын күшейтеді.
«ХVIII ғасырдағы ормандарға қарағанда қазіргі ормандарда көміртек газының мөлшері аз, яғни, орманның жасы ұлғайған сайын оның жылу жинау қуаты да жоғарылай береді. Еуропада жалпақ жапырақты ормандардың өсуі (қылқан жапырақты ормандарды құрту арқылы) ауа температурасының 0,12 градусқа жылынуына әкеп соққан. Бұл пайдалы қазбаны жағу – ауаға бөлінген жылудың 6% құрайды», – дейді мақала авторы Ким Наудтс. Сондықтан ғалымдар ағаштарды таңдап отырғызу керек.