- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ғаламдағы ең көне...
Ғаламдағы ең көне жұлдыз
Біздің Ғалам пайда болғанына 13,8 миллиард жыл өтті дейді ғалымдар. Сонда алғаш пайда болған жұлдыздардың жасы нешеде?
Аспанда алғашқы жарықтар Үлкен дүмпуден соң 180 миллион жыл өткенде жана бастады. Дегенмен ғалымдар әлі күнге нақты уақытын айта алмай келеді.
Ғалымдар біздің Ғаламның жасын 1929 жылы ғана анықтай алды. Америкалық астроном Эдвин Хаббл Ғаламның қашан пайда болғанын айтып қана қоймай, осыған ұқсас өзгелері де бар екенін тапты. Хаббл ғаламдардың арақашықтығы мен олардың бір-бірінен алшақтау жылдамдығын өлшей отырып, қашан бір нүктеде болғанын анықтауға болатынын түсінді.
Әрине, бұл Ғаламның нақты жасын көрсетпейді. Дегенмен уақыт өте бәрі өз орнына келе бастады. "Планк" ғарыш аппараты біздің Ғаламның пайда болғанына 13,8 миллиард жыл өткенін анықтаған. Бұған ғалымдар ғарыштағы микротолқынды фондық сәулелендіруді зерттеу арқылы қол жеткізген.
Ғалымдар жұлдыздардың жасын анықтау үшін оның құрамындағы темірді зерттейді. Ғалам алғаш пайда болғанда жұлдыздар сутек пен гелийден тұрған. Дегенмен алпауыт жұлдыздардың құрамында кремний мен темір бірден пайда болады. Олар ғаламат жұлдыздарға айналып, жарылған соң құрамындағы элементтер жан-жаққа ұшырайды.
Monthly Notices of the Royal Astronomical Society: Letters журналында жариялаған зерттеуде ғалымдар Ғаламдағы ең көне жұлдыздың жасын анықтаған. Астрономдар Ғаламмен бір уақытта пайда болды деп топшылаған жұлдызды бақылауға алған. Қызыл алпауыт жақын уақытта ғаламат жұлдызға айналады. Ғалымдар оның құрамындағы темір мөлшері өзге жұлдыздармен салыстырғанда өте аз екенін анықтаған.
Бұл жұлдыздың Ғалам жаңа пайда болғанда туғанына дәлел дейді ғалымдар. Оның үстіне қызыл алпауыт тіршілігін аяқтауға әзір. Ол ғаламат жұлдызға айналып, жарылады.
Ғалымдар Ғаламдағы ең көн жұлдызға SMSS J160540. 18-144323.1 деген атау берген. Ол Құс жолына жақын орналасқан. Жерден шамамен 35 000 мың жарық жыл қашықтықта екен.