Ғаламат жаңалық: Аралар өнерді түсіне алады

Өнерді түсінетін тіршілік иесінің бірі – аралар. Аралар гүлдердің түсін бір-бірінен ажыратып, адамдарды түрлеріне қарап тани алады екен.

Олардың бұл ерекше қабілеті жайындағы ғылыми зерттеуді Миды зерттеуге арналған Кливленд Университетінің докторы Джудит Рейнхард жүргізген. «Аралар миының кішілігіне қарамастан, көзі арқылы қабылдаған ақпаратты жоғарғы деңгейде өңдей алады. Олардың бұл қасиеті омыртқалылармен пара-пар», - дейді ол.


Рейнхард дәрігер мен әріптестері аралардың бұл қасиетіне тәжірибе жүргізген. Тәжірибе барысында импрессионист Моне мен кубалық Пикассоның суреттерін пайдаланады. «Біз аралардың Пикассо мен Моненің 5 картинасын сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан ажырата алатындығына көз жеткізгіміз келді», - дейді дәрігер.


Сөйтсе, аралар Пикассо мен Моненің суреттерін бір-бірінен ажыратқан. Зерттеу нәтижесі бойынша, эстетикалық талғам тек адам баласына ғана емес, жәндіктерге де тән екендігі анықталып отыр.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru