Ғалам эволюциясының бес дәуірі

Ғалам эволюциясының бес дәуірі
Фото: Freepik

Ғаламдағы кез келген тіршілік иесі өлшеулі ғана өмір сүреді. Бұл тек адамға не Жердегі тіршілік иелеріне ғана емес, Ғаламдағы барлық материяға да қатысты. Тек уақытта айырмашылық бар. Біз үшін мәңгі көрінетін құбылыс Ғалам жағдайында көзді ашып жұмғанша сырғып өтетін уақыт секілді. 13,8 миллиард жыл бұрын Үлкен дүмпуден соң пайда болған Ғаламның да "өмірі" өлшеулі. 

Астрономдар Ғаламның тіршілік ету кезеңін бес дәуірге бөлгенді дұрыс деп санайды. Дәл қазіргі сәтте адамзат баласы Ғаламның тек 5%-н ғана зерттей алды. Қалған 95%-ы зерттелмеген қара материя. Сондықтан Ғаламның даму эволюциясы жайлы нақты ақпарат айту қиынның қиыны. Дегенмен ғалымдар Ғаламның бүгіні, ертеңі және өткен күнін зерттеу жолында аянып қалмақ емес.

Түнгі аспанға көз салып қарасаңыз керемет көрініске куә боласыз. Қарайып бинокльмен сан жетпес жұлдыздар мен жарық дақтарын көруге болады. Бұл жарық біздің көзімізге жету жолында  уақыт кеңістігі арқылы өте үлкен ғарыш қашықтығын басып өткен.

Ғаламның тарихын зерттеу үшін түрлі әдістер қолданылады. Дегенмен ғалымдар Ғаламның эволюциясын бес кезеңге бөлді. Фред Адамс пен Грегори Лафлин 1999 жылы "Ғаламның бес ғасыры: мәңгі физиканың ішінде" атты ғылыми-зерттеу кітабын жазып шығарды. Олар Ғаламның даму эволюциясын 5 дәуірге бөлген:

– Алғашқы дәуір;

– Жұлдыз дәуірі;

– Дегенерация дәуірі; 

– Қара құрдым дәуірі; 

– Қара жырық дәуірі; 

Алғашқы дәуір

Алғашқы дәуір Үлкен дүмпуден соң бірнеше секундтан кейін бастауын алды. Қысқа уақытқа созылған кезеңде уақыт кеңістігі мен физика заңдары болмаған. Бар болғаны 1044 секундқа созылған уақытта Ғалам жылдам кеңейе түсті. Ал 20 минут өткен соң атомдар түзіліп, Үлкен дүмпуден кейінгі өте ыстық Ғалам тез суый бастайды.  

Жұлдыз дәуірі

Біздің қазір өмір сүріп жатқан дәуіріміз "Жұлдыз кезеңі" деп аталады. Ғаламда материяның басым көпшілігі жұлдыз пен галактика қалпына енген. Алғашқы жұлдыздар ғаламатжұлдыздарға айналып, кішкентай бөлшектерге жарылды. Артынша гравитацияның күшімен бір-біріне жақындап, жұлдыздар жүйесін құрады. 

Жұлдыз үлкен болған сайын оның өмір сүру ұзақтығы азая береді. Алпауыт жұлдыздар бар болғаны бірнеше миллион жыл ғана тіршілік етеді екен. Ал кіші жұлдыздар барынша ұзақ өмір сүреді. Мысалы, біздің Құс жолы тек 4 миллиард жылдан соң көрші Андромеда галатикасымен соқтығысады. 

Дегенерация дәуірі

Ғалымдар Үлкен дүмпуден соң 1 квинтиллион жыл өткен соң дегенерация дәуірі басталады деп болжайды. Бұл кезең 1 дуодециллион (10,39) жылға созылады. Дегенерация дәуірінде жұлдыздардың қалдықтары ғана қалып, Ғалам қара түнекке айналады. 

Қара құрдым дәуірі;

Ғалам пайда болғаннан бері бар протондар ғайып болып, субатомдық бөлшектер, Хокинг сәулесі және қара құрдымдар ғана қалады. Қара құрдымдардың күші мықты болатыны соншалық Ғаламдағы барлық масса мен қуат қалдығын жұтып қояды. Алайда соңында қара құрдымдар да "буланып" кетеді. Қара құрдымдар тіршілігін тоқтатқан соң Ғаламда жалғыз жарық беретін қуат көзі ғана қалады. Оның құрамында төмен қуатты, өте әлсіз субатомдық бөлшектер мен фотондар болады. 

Қара жырық дәуірі

Ғаламның соңы кезеңі – қара жырық дәуірі. Электрон мен позитрондар кеңістікте бір-бірімен соқтығысып жоғалады. Ал әлсіз қуатты бөлшектер әлі өте баяу ыдырайды. 

 
А. Рысдәулет