Фуд-фотографтар байқауындағы ең әсерлі суреттер жарияланды

Фуд-фотографтар байқауындағы ең әсерлі суреттер жарияланды
Фото: Chang Jiangbin/Pink Lady®

Pink Lady Food Photographer of the Year фотобайқауында кім жеңімпаз атанғанын суреттер топтамасынан көріңіз.

Pink Lady Food Photographer of the Year – бүкіл әлемдегі тағам мен азық-түлікке қатысы бар сәттер мен заттарды суретке түсіруге дағдыланған фотографтар қатысатын байқау. Жыл сайын байқауға тағам, сусын, азық-түлік, дастархан мен әлем халықтарының тағамға қатысты дәстүрлері бейнеленген суреттер ұсынылады.

Суреттер түрлі категорияда таныстырылған: олар үйлену тойы немесе отбасылық дастархан басындағы суреттерден бастап ұялы телефонға түсірілген кадрларға дейін қамтиды. Байқауға кәсіби мамандармен қатар жас дарындар да қатысты

Бұл жылы қазылар алқасы әлемнің 70 елінен келіп түскен мыңға жуық туындыға баға берді. Үндістан фотографы Дебдатта Чакраборти түсірген Kebabiyana деп аталатын сурет "Стритфуд" категориясында жеңімпаз атанды. Байқауға ұсынылған басқа да әсерлі суреттерді топтамадан тамашалаңыз.

© Photo : Debdatta Chakraborty/Pink Lady® Food Photographer of the Year 2022
 
Үнді фотографы Дебдатта Чакраборти түсірген кебаб сатушының суреті биылғы Pink Lady Food Photographer байқауында жеңімпаз атанды. Кеш сайын үйлер арасындағы тар көшеде көмір пешіне вазван кебабтары пісіріліп, айналаны тәбет ашатын хош иіс жайлап кетеді.

© Photo : Marguerite Oelofse/Pink Lady® Food Photographer of the Year 2022

Оңтүстікафрикалық фотограф Маргерит Оэлофсе түсірген "Simba чипсының қорабын ұстаған гүл сатушы" атты сурет.

© Photo : Chen Ying/Pink Lady® Food Photographer of the Year 2022

Қытай фотографы Чен Ин бір отбасының күріш немесе бұршақ салынған тұшпара дайындау барысын Цяньлянь ауылындағғы шағын шаруа үйінде түсіріп алды. Олар қызыл қамырға "сәттілік" немесе "бақыт" сөзін жазу үшін ағаш баспаны қолданып, тұшпараны үлкен ыдыста дайындайды.

© Photo : Isabelle Hattink/Pink Lady® Food Photographer of the Year 2022

Pink Lady Food Photographer of the Year байқауында жеңген "Лимон қосылған бәліш" атты суреттің авторы – нидерландиялық фотограф Изабель Хаттинк. Бұл суретте үйлену тойындағы тортты кесу сәтінде қабағын шытып тұрған әйел бейнеленген.

© Photo : K M Asad/Pink Lady® Food Photographer of the Year 2022
 
"Армандар қайда ұшып кетеді" атты сурет. Бангладештің Дакка қаласындағы Чад-Уддан атты лас ауданда кішкентай қыз әпкесімен бірге су алып жатыр.

© Photo : Manju Jisto/Pink Lady® Food Photographer of the Year 2022
 
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі фотограф Манджу Джисто түсірген "Банан гүлі" деп аталатын сурет Pink Lady Food Photographer байқауында жеңді.

© Photo : John Carey/Pink Lady® Food Photographer of the Year 2022
 
Ұлыбритания фотографы Джон Кери қолынан шыққан "Үстел үстіндегі тағам" атты туынды. Лондондағы Ritz қонақүйіндегі дәмханада тағам адамдардың көз алдында "сахналанған үлгіде" жиі дайындалады.

© Photo : Paolo Crocetta/Pink Lady® Food Photographer of the Year 2022
 
Италия фотографы Паоло Крочетта түсірген "Ауыл шаруашылығы өнері" атты сурет.

© Photo : Thien Nguyen Ngoc/Pink Lady® Food Photographer of the Year 2022
 
"Анчоустарды аулау" деп аталатын бұл суретті вьетнам фотографы Тиен Нгуен Нгок түсірген. Вьетнам асханасындағы дәстүрлі балық тұздығын дайындау кезінде анчоустар негізгі шикізат ретінде қолданылады.

© Photo : Anna Loraine Hartmann/Pink Lady® Food Photographer of the Year 2022
 
Неміс фотографы Анна Лорейн Хартманн түсірген "Шөп сатушы әйел" атты суретте адам толы базар ішінде жымиған кейіпте табиғи өнімдер сататын әйел бейнеленген.

дереккөз:sputnik.kz 

Т. Есқали