Франциядағы жайындар құс аулауды әдетке айналдырыпты

Францияның оңтүстігіндегі көлдерде өмір сүретін жайындар құстарды аулауды әдетке айналдырыпты. 

Альби қаласындағы Тарн көлінде мекен ететін осы бір балық түрлері көгершіндерді аулауды тіршілік көзіне айналдырғандай. Айтса айтқандай-ақ, олар еппен келіп, көл жағасында жүрген көгершіндерді қақпанға түсіруде... 

Айта кететін болсақ, мұндай әдетті жайын балықтарынан басқа да Оңтүстік Колифорниядағы дельфин-афалиндер де жасап үйренген. Содан кейінгі кезекте Аргентинадағы балықтардың да әдет-қулықтары еріксіз назар аудартады. Олар жағалауда жүрген теңіз арыстандарына шабуыл жасауды тұрақты түрде кәсіп қылып алыпты.

Мысалы, 2011 жылы жайын балықтары жағалауда жүрген көгершіндерге 54 мәрте аңшылық жасап көрген. Және оның 28-і жемісті түрде аяқталыпты.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/UZwPG_x6QEk","width":"450","height":"240"});

сурет:myjulia.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек