Африканың оңтүстік бөлігіндегі Rakwena Crocodile Farm деп аталатын фермадан 15 мыңға жуық қолтырауын босап кеткен деп хабарлайды Agence France-Presse.
Осыншалықты көп қолтырауын дауыл кезінде су сағасынан асып кетпеу үшін ашылған қашадан шығып кеткен болып шықты. Қазіргі уақытта Лимпопода және таяу маңдағы аймақта жаңбыр сіркіреп тұр екен.
Қашқын қолтырауынның біразы ұсталып, фермаға қайтарылса, олардың көп бөлігі әлі де бостанда жүр. Тіпті бір қолтырауын фермадан 120 шақырым жердегі регби ойнайтын алаңнан табылған. Әйтсе де, олардың шабуылына ұрынған адамдар жоқ. Хабар таратқан агенттік қолтырауындардың босауға шығып кеткені туралы хабардың халыққа таралмағаны жайлы жазады.
Десек те, Лимпопо халқы бұл жағдайға емес, табиғаттың апаттарынан көз ашар емес. Тым көп мөлшерде жауған жауынның салдарынан 10 адам қаза тауып, үй-жайсыз қалған адамның саны шексіз.
Ферма сайтында (Ферманың да сайтын барын қарай көріңіз!) 15 мыңға жуық рептилия мекендеген делінген. Нәтижесінде, ферма қазіргі уақытта босап қалған...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: news.rambler.ru