Орыс саяхатшысы Федор Конюхов Эверестті бағындырды.
Саяхатшы альпинист Александр Абрамовтың басшылындағы 7 адамнан тұратын топпен бірге жолға аттанған. Шыңға 19 мамырда 6.00-де жеткен екен. Конюховтың айтуынша туды суретке түсіру үшін топ шыңда бір сағат бойы тұруға мәжбүр болыпты. Осылайша таңды Эверестте қарсы алған олар сағат 7.00-де кері қайтқан.
Бұл маусымда Эверестті алғаш бағындырған Ресей командасы екендігін айтып өтелік. Мамандардың айтуынша, наурыз, сәуір айларындағы дауылдардың себебінен тауда қар қабаты өте жұқа болды. Сондықтан Эверестке аттанған альпинистер жалаң мұздың үстімен өрмелеуге мәжбүр болған.
Конюхов 8848 метр биікте орналасқан бұл шыңға 1992 жылдың 11 мамырында бірінші рет шыққан еді.
сурет: paninstudio.ru