Әйгілі физик Альберт Эйнштейн 1932 жылдың 30 қазанында досы Юлиус Хиршты 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Бұл құттықтау хаттың түпнұсқасы Нью-Йорк қаласындағы Лео Бек атындағы институтта сақталған. Жақында Германияның Мюнхен қаласынан осы хаттың көшірмесі табылды. Хаттың екінші данасын Эйнштейн өзі көшірткен екен. Қымбатты Хирш мырза деп басталатын хаттың түпнұсқасы Юлиус Хиршқа жолданса, көшірмесі Эйнштейннің өзінде қалған. Көшірме хат 1961 жылы жарияланған газет қиқымдарының арасынан табылған. Ал оның Мюнхен мұрағатына қалай түскені туралы толық ақпарат жоқ.