- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Эвересттің гигапиксельді көрінісі...
Эвересттің гигапиксельді көрінісі жасалды
Шыңдар мен мұздықтарды зерттеумен айналысатын GlacierWorks ұйымы мен альпинист, продюсер Дэвид Бришерстің көмегімен әлемнің ең биік нүктесі Эвересттің (Джомолунгма) гигапиксельді көрінісі жарияланды. Ол жеке-жеке түсірілген 477 суреттен құрастырылған екен. Суреттердің көпшілігі 2012 жылдың көктемінде Эверест жанындағы Пумори шыңында жасалған.
Шыңның толыққанды көрінісін алу үшін 300 мм объектив қолданылды. Суретке түсіруші топтың айтуынша, болашақта бірнеше мың сурет кесінділерінен құрастырылған шыңның жаңа көрінісі жарық көрмек. Ол алдымыздағы жылдың маусым айында көпшілікке таныстырылады деп күтілуде.
Эвересттің гигапиксельді көрінісін мына сілтемеге өтіп, көре аласыздар:
https://s3.amazonaws.com/Gigapans/EBC_Pumori_050112_8bit_FLAT/EBC_Pumori_050112_8bit_FLAT.html
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: nerzon.ru