- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Эверестті бағындырған алғашқы...
Эверестті бағындырған алғашқы адам
Гималай тау сілемдерінің ең биік шыңы Эверест әлемнің де ең жоғарғы нүктесі саналады. Биіктігі 8848 метр болатын шыңды алғаш бағындырған альпинистті білесіз бе?
Эверест атауы – шыңды ашқан зерттеушінің құрметіне берілген. 1953 жылдың 29 мамырында адам баласы тұңғыш рет әлемнің ең биік шыңын бағындырды. Жаңазеландиялық зерттеуші Эдмунд Хиллари шерп Тенцинг Норгеймен бірге тарихта Эверестке шыққан алғашқы альпинистер ретінде қалды.
Ал өткен жылы Непал азаматы Ками Рита Эверестті 24-ші рет бағындырып, рекорд орнатты. 24 жасында шерп атанған Ками Рита Канченджунгу, Чо-Ойю, Лхоцзе және Аннапурн секілді шыңдарды бағындырып үлгерген. Непал туризм департаментінің мәліметінше, 1953 жылдан бері Эверест шыңына 5000-ға жуық альпинист көтерілген. Олардың 200-ге жуығы шыңды бағындыру жолында өмірімен қоштасқан.
Гималай тау сілемдерінің ең биік шыңы Эверест әлемнің де ең жоғарғы нүктесі болып саналады. Оған қоса, Эверест жылына 6,4 мм өсіп, Жердегі ең жылдам өсетін тау шыңы атанған.
Ал қазақстандық альпинистердің арасында рекорд Мақсұт Жұмаевқа тиесілі. Ол Эверест биігін екі рет бағындырған. Мақсұт Жұмаев Эверест шыңын алғаш рет 2007 жылы бағындырған. Ол кезде әлемнің биік нүктесіне солтүстік бағытымен шыққан еді. Ал 2018 жылы альпинист оңтүстігімен көтеріліп, әлемнің ең биік нүктесіне екінші мәрте шықты. Негізінен оңтүстік жолы қауіпті саналады. Онда әлемдегі әлемдегі ең қозғалмалы мұздық Кухумбу бар. Ол мұздықтар күніне 1 метрден жылжып отырады. Қазақстандық альпинист Эверест шыңын оңтүстігінен де солтүстігінен шығып бағындырған жандар қатарына қосылды. Әлем тарихында мұндай жетістікке жеткен альпинистер 10-ға жуық қана.